Әзімбай Ғали Ерлан Қаринді сынға алды

Dalanews 09 мау. 2016 00:52 332

Белгілі саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғали өзінің фэйсбуктегі парақшасында Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты «В контакте» әлеуметтік желісін жабуды немесе шектеуді ұсынған саясаттанушы Ерлан Қаринге қарсы пікір білдіріп, «мұндай қадам Қазақстанның имиджіне кері» әсер етеді деп, сынға алды. Саясаттанушының пікірнше, биліктегі шенеунік-идеологтардың одан басқа да айналысар шаруасы жеткілікті. Төменде сол шағын жазбасын ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта бұл мәселеге қатысты арнайы сұхбат ұйымдастыру ойымызда бар.   

Оқыды, озық деген қазағым сен болсаң, онда қатардағы полковниктер не істемек? Елімізді жабық мемлекеттер қатарына еңгізбексің ғой? Қазақстанның имиджін әбден бұзбақсың ғой?

«В контакте» интернет желісі - қазақты жек көріп, елімізді жамандайды екен деп жабардың алдында біздің алдымыздан өткендейсің. Қазақстандық баспасөзге ие емеспіз.Қазақстанда мемлекеттік тіл жерде жатыр, оған биліктен араша болған лауазымды қазақ көрмедім. Керісінше, қазақша сөйлегенге Прокуратураны айтақтау биліктің ісі болып тұр. «Үш тұғырлы» тілді еңгізбек болып әрекет жасап жатқанда қайда болдың? Қазақстандық ұлт концепциясын шығарған сен емес пе едің? Тағы да басқа қазақтың рухына қарсы дүниелерді сен істейтін қабырғаларда дайындамады ма?

Әзімбай ҒАЛИ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x