Вакцина қабылдаған жеткіншектер 3 күнге дейін дәрігердің бақылауында болады

Dalanews 10 желт. 2021 10:56 251

Шығыс Қазақстан облысында жас жеткіншектер мен аналарға вакцина салу ісі жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Облыс тұрғындары ұжымдық иммунитет қалыптастырып, айналасындағы адамдарды індеттен қорғаудың жалғыз жолы екпе егу екенін түсінген, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 253 егу пункттері облыс тұрғындарына қызмет көрсетуде. Сондай вакцинациялау пунктінің бірі Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында орналасқан.

Қазір орталыққа ата-аналар жасөспірім балаларын әкеліп вакцина салғызуда. Вакцинация пуктінде жұмыс істейтін медицина мамандарды күні бүгінге дейін 250-ден астам жас жеткіншекке екпе салғандарын айтты.

ШҚО Санитария-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина Ана мен бала орталығындағы вакцинациялау орталғына келіп баласына екпе салдырды.

– Менің кіші ұлым 12 жаста. Ол вакцина қабылдайтын жасқа жеткендіктен оның эпидемиолог дәрігер ретінде вакцина қабылдауына рұқсат бердім. Бізде вакцинаға қатысты ешқандай күмән-күдік болмады. Бұдан басқа үлкен екі бала да вакцина қабылдады. Екпенің кері әсері болған жоқ. Сол себепті өзге ата-аналарды балаларының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауына рұқсат беру керек екенін айтқым келеді, – дейді Сәуле Слямғазина.


Өз кезегінде Бала мен ана орталығындағы эпидемиолог-иммунолог дәрігер Иван Мещеряков екпеден кейін әлсіздік, дене қызуының көтерілуі және бас ауру сынды жанама әсерлер болуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар вакцина салған инъекция орнының аурсынуы мүмкін екенін де ескертті.

– Вакцина алғаннан кейін 72 сағат ішінде оның жанама әсері байқалуы мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Ол қалыпты жағдай. Егер дене қызуы 39 градустан төмендемесе бірден дәрі ішуге болмайды. Жас жеткіншектер екпе алғаннан кейін 30 минутқа дейін дәрігерлердің бақылауында болады. Бұдан басқа үш күнге дейін учаскелік дәрігер телефон арқылы балалардың денсаулығын бақылап отырады, – деді Иван Мещеряков.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x