Алматы облысында емханаларға 89 жедел жәрдем, 12 жылжымалы медициналық кешен табысталды

Dalanews 02 қар. 2020 06:37 432

Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында Алматы облысы әкімі Амандық Баталов облыстағы медицина ұйымдарына 89 жедел жәрдем көліктері мен 12 жылжымалы медициналық кешеннің кілттерін салтанатты түрде табыстады.

​Бұл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, еліміздің шалғайдағы және қатынауы қиын өңірлерінде тұратын ауыл халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындау негізінде іске асырылып отыр.

​Жедел жәрдем көліктерінің 9-ы – облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясына, 10-ы – Талдықорған қалалық емханасына, 2-уі – Қапшағай қалалық ауруханасына, 2-уі – Текелі қалалық ауруханасына, Сарқан аудандық орталық ауруханасы, Ескелді аудандық орталық ауруханасы, Алакөл аудандық орталық ауруханасы мен ​ Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының әрқайсысына 2 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешеннен, Қаратал аудандық орталық ауруханасына 1 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен, Көксу аудандық орталық ауруханасына 2 жедел жәрдем көлігі, Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына 12 жедел жәрдем көлігі, Балқаш аудандық орталық ауруханасына 1 жылжымалы медициналық кешен, Жамбыл аудандық орталық ауруханасына 4 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен, Талғар аудандық орталық ауруханасына 9 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен, Кеген аудандық орталық ауруханасына 1 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен, Райымбек аудандық орталық ауруханасына 1 жылжымалы медициналық кешен, Іле аудандық орталық ауруханасына 10 жедел жәрдем көлігі, Панфилов аудандық орталық ауруханасына 4 жедел жәрдем көлігі, Қарасай аудандық орталық ауруханасына 14 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен, Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына 1 жедел жәрдем көлігі мен 1 жылжымалы медициналық кешен табысталды.

Жылжымалы медициналық кешендерде жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелік диагностика кабинеттері, жалпы тәжірибе жөніндегі дәрігер аймағы, дәріхана пункті, сараптама қабылдау аймағы және эксперттік кластағы портативті ультрадыбыс бар. Рентген мен флюорографияны қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус лифті бар.


Бұл ауылдағы мамандандырылған медициналық қызметкерлері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жетіспеушілігінің орнын толықтыруға мүмкіндік береді.  Облыстың шалғайдағы және жетуі қиын елді-мекендерінде тұратын азаматтарымызға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырады.

Осы қабылданып жатқан шаралар өңіріміздің медицина қызметкерлерінің жауапкершілігімен және кәсібилігімен бірге Жетісу тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және сақтауға елеулі үлесін қосады деп сенемін.

​Биыл 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Бүгін біз осы жылжымалы медициналық кешендердің және 89 реанимациялық машиналардың кілттерін тапсырудамыз. Қалған көліктер ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жеткізіледі.

Нәтижесінде, жыл соңына дейін облыстың санитарлық көліктері 80 пайызға жаңарады. Жедел жәрдем бригадаларының саны 165-тен 205-ке дейін көбейеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x