Алматы облысында 6 адам короновирустан айықты

Dalanews 15 сәу. 2020 05:50 322

Бүгін Қарасай ауданы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан тағы бір адам емделіп шықты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ,  1952 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны ауруханаға 30 наурыз күні түскен болатын. Осы пациентпен қарым-қатынас жасаған адамдардың барлығы анықталып, дәрігерлер бақылауына алынған.

14 сәуірде сырқаттан қайталай алынған вирусологиялық анализ қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Қазір пациенттің жағдайы жақсы, шағымы жоқ.


Атап өтсек, Алматы облысында COVID19 инфекциясынан жазылып шыққан адам саны 6-ға жетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x