Түркістан облысында теңдесі жоқ бірнеше зауыт салынуда

Dalanews 19 мау. 2021 11:09 143

2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында жеке инвестициялар есебінен 2,6 трлн теңгеге 181 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 27 мың жұмыс орны ашылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында бірнеше ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оның бірі – «Састөбе» химиялық кешенінің құрылысы. Бұл жобаның бірегейлігі – Қазақстанда бүгінгі күні ұқсас зауыт жоқ.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстандағы химия саласын дамытуға зор серпін береді. Зауытта химия өнімдері, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, цемент өндіру ісі қолға алынады. Жоба құны – 136,6 млрд теңге. 2023 жылы ашылатын өндіріс орнында 1 000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Бүгінгі таңда, кешен құрылысына жер учаскесі бөлінді. Кешенге қажетті инфрақұрылымды тартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Инфрақұрылым құрылысын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде кезең-кезеңімен қаржыландыру мәселесі шешілді.

Түркістан облысында жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы жүруде. 5 класты мотор отынын және мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 2 млн тонна көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша мұнай-химия комбинатының құны 130 млрд теңге. Құрылысы келер жылы аяқталатын жаңа зауытта 650 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Көмір-химиялық зауыты сынақ режимінде іске қосылды. 5 сыныпты мотор отынын және мұнай – химия өнімдерін өндіру үшін қуаты жылына 100 мың тонна көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу жөніндегі көмір – химия комбинатының құны 3,1 млрд теңге. 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Фосфор кендерін өңдеу зауытының құрылыс-монтаждау жұмыстары өткізу 2022 жылға жоспарланып отыр. Құны 129,9 млрд.теңгені құрайды. Зауытта 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x