Ақмола облысы жаңғырмалы қуат көзін өндіруде көш бастап келді

Dalanews 15 шіл. 2021 09:47 259

Қазақстанда жаңғармала энергия көздерін дамытуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Үкімет таяу болашақта елімізде жаңғармалы қуат көздерінен алынатын электр қуатының көлемін 20 пайызға дейін ұлғайтуды көздеп отырғаны белгілі.

Бұл ретте энергетик мамандар жаңғармалы қуат көздерін өндіруге мүмкіндік беретін аймақтарды анықтап алған болатын. Қазіргі таңда Ақмола облысының Зеренді ауданы аумағында жел энергетикасын дамыту ісі қарқынды түрде жүріп жатыр.

Бұдан басқа Аршалы, Целиноград, Ерейментау аудандарында жаңғармалы  энергетиканы дамыту ісі экономиканың ажырамас бөлігіне айналған.

Қазіргі таңда Ақмола облысында жаңғарлама қуат көзін дамыту ісіне айрықша көңіл бөлінуде. Аймақтың ауа райының күрт континентальді болуы жел энергетикасын дамытуға айрықша мүмкіндік беріп отыр.

Жақында Зеренді ауданындағы Елікті ауылында 11 желгенераторы салынбақшы. Дәл осы мәселені бойынша ауыл тұрғындарының басын қосып, қоғамдық тыңдау өтті. Өз кезегінде желгенераторларын салу ісін қолға алған компания ауыл тұрғындарына өздерінің жобаларын таныстырып, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

– Біз жел генераторларын Елікті ауылының іргесіндегі 100 гектар аумаққа салуды жоспарлап отырмыз. Қуат көзін өндіретін қондырғыларды Даниядан жеткіземіз. Диаметрі 20 метрді құрайтын генераторлардың өндірістік қуаты 18 мегавольт. Жалпы жобаға 11 млрд теңге жұмысау көзделген, – деді жаңа өндірісті қолға алған компанияның өкілі Асхат Жақсыбергенов.

Өз кезегінде Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов ауыл тұрғындарына жаңа өндіріс ошағын салуға белсенді қатысып, құрылыс барысына мониторинг жасауға шақырды.

– Жел генераторынан өндірілген қаут көзі жаңғырмалы табиғи ресурастан өндіріледі. Бұл жоба аясында жаңа жұмыс орындары құрылып, біраз ауыл азаматтары жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде нысанның айналасы толықтай қоршалады. Құрылыс жұмыстары аяқталып, бәрі реттелгеннен кейін қоршау алынып тасталынады, – деді аудан басшысы. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да инвестициялық жоба ауылдың тұрмыс жағдайына оң ықпал ететіні сенімді.

Жалпы Ақмола облысында жаңғармалы қуат көздерін дамытудың өзіндік тәжірибесі қалыптасқан десек болады. Бұл ретте Ермейментау және Целиноград аудандарды күн көзінен қуат көзін өндіретін стансалар салынып, жұмыс істеп тұрғанын атап айтуға болады. Сонымен қатар Аршалы ауданында өндірістік қуаты 100 мегават болатын желгенераторының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x