Оңтүстік диқандары Құрбан айтқа орай Астананың жағдайы төмен отбасыларына тегін қауын-қарбыз таратты

Dalanews 31 там. 2017 17:45 306

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары  «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын - қарбыздан дәм татқызу.



Тізімді диқандарға  Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, ертеңгі ұлық мерекенің қадір-қасиетін арттыра түсті.

Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын  500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі  ұсынылатын болады.



ОҚО әкімінің баспасөз қызмет

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x