Новатор

Dalanews 21 сәу. 2015 23:13 260

Ғылым саласы тоқырау кезеңін артқа тастады. Бірақ әлі де болса аяққа тік тұрып кете қойған жоқ. Соңғы уақыттары қазақ ғылымы әр саланың көшін бастаған білікті ғалымдардың тегеурінді іс-әрекетінің арқасында ғана дамып келе жатқаны белгілі. Сондай жанкешті ғалымның бірі – Зұлхайыр Мансұров. Ол Қазақстандағы химия саласының жан-жақты дамуына жол ашып, жастарды ғылымға баулуда көптеген жұмыс атқарған тұлға. Елімізде өнімді жұмыс істеп жүрген химия және физика саласының мамандары Мансұровты өзінің ұстазы санайды.

 

Қазақ ғылымының қазіргі жайы

Қазіргі таңда ғылымның даму тенденциясы үлкен өзгерісті бастан кешуде. Еліміз «Болон» үрдісіне мүше болғанан кейін «Ғылым туралы» Заң қабылданып, Үкіметтің ғылымға бөлетін қаржысы арта түскені белгілі. Осыған дейін елімізде ғылымның тиісті деңгейде дамымай жатқанына қаржының жетімсіздігін қолбайлау болып келген еді. Соңғы жылдары қаржы мәселесі оң шешімін тапқанымен ғылым саласы кереметтей дамып жатқан жоқ. Тәуелсіздік жылдары қазақ ғылымы көптеген реформаны бастан өткергенін білеміз. Оның бәрі  ғылымның оң жамбасына келді деп айта алмаймыз. Тоқырау жылдары ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы қатты әлсіреп кеткені жасырын емес. Қазіргі таңда Қазақстан дамыған Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен салыстырғанда ғылыми кадрлар әлеуеті де мәз емес. Деңгейіміз өте төмен. Алдына таудай талап қойып, дүниежүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ұмтылған ел үшін бұл ойлантатын-ақ жағдай. Еліміз «Болон» декларациясын қабылдағаннан кейін Қазақстанда қорғалатын диссертациялардың саны айтарлықтай азайды. Жаңа жүйе енген алты жыл ішінде еліміз бойынша 700-ге таяу ғылыми қызметкер өздерінің PhD докторлық жұмыстарын қорғапты. Ал, ескі жүйе кезінде жыл сайын шамамен 1500 ғылым кандидаты және 300-500 ғылым докторлары ғылыми жұмыстарын қорғап, ғылыми дәрежеге ие болатын-ды. Сондықтан алдағы уақытта еліміздегі ғылыми мекемелер мен оқу орындардың қажетті ғылыми кадрлармен қамтамасыз ете алмай, олардың біраз бөлігін шетелден шақыруға мәжбүр болуымыз мүмкін. Сондықтан бұл мәселені елеусіз қалдыруға болмайды.
Зұлхайыр Мансұров басқаратын Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатқан жұмыстары елімізді қойып, шетелдің мамандарын таңқалдырып отырғанын ғылыми орта жақсы біледі. Апайтөс академик басқаратын институтта еңбек ететін ғалымдар гранттық қаржыландыру бағдарламасына өздерінің маңызды ғылыми жұмыстарын ұсынып, ғылымның көкжиегін кеңейтіп келеді. Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу институтының жұмысын жүйеге қойған Зұлхайыр Мансұровты ғылымы көш ілгері озып кеткен Батыс елдерінің өздері аттай қалап шақырып, баяндама жасатып, ой-пайымын тыңдайтынын білеміз.

 

Білік пен білім

[caption id="attachment_10218" align="alignright" width="561"]З.Мансуров.j01 Академик Зұлхайыр Мансұров және Еlsevier компаниясының төрағасы Йонгсук Чи[/caption]

Мақаламыздың басында Қазақстандағы ғылымның қандайда бір түрінің дамуы ғылым саласында зор жетістікке жеткен ғалымдарға тікелей байланысты екенін айтып қалдық қой. Сол ойымызды ары қарай сабақтасақ. Бүгінде Батыстан білім алған шенеуніктердің  көпшілігі Кеңес заманында ғылымның жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандардың ой-пікіріне құлақ аса бермейтіні жасырын емес. Олардың өзіндік өлшемі бар. Ал қазақ топырағында ғылымның негізін қалап, қазығын қаққан аға буынның өзіндік айтар уәжі бар. Елімізде ғылымның көсегесін көгерткен ғалымдардың көпшілігі Кеңес заманында ғылыми жұмыстарын қорғап, ісімен ғылыми ортаны мойындатқанын бәріміз білеміз. Олар әлі де болса, заман ағымына бейімделіп, отандық ғылымның өрісін кеңейтіп келеді. Осы шоғырдың бел ортасынан Зұлхайыр Мансұровтың тұлғалық бейнесі мен қолтаңбасын анық байқауға болады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі химия факультетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым. Бүгінде Зұлхайыр Мансұров басқаратын Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатқан жұмыстары елімізді қойып, шетелдің мамандарын таңқалдырып отырғанын ғылыми орта жақсы біледі. Апайтөс академик басқаратын институтта еңбек ететін ғалымдар гранттық қаржыландыру бағдарламасына өздерінің маңызды ғылыми жұмыстарын ұсынып, ғылымның көкжиегін кеңейтіп келеді. Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу институтының жұмысын жүйеге қойған Зұлхайыр Мансұровты ғылымы көш ілгері озып кеткен Батыс елдерінің өздері аттай қалап шақырып, баяндама жасатып, ой-пайымын тыңдайтынын білеміз.
Жану мәселелері институтының ғалымдары су көздерін ауыр металдардан тазартудың жолын да ойлап тауып, елімізде асқынған экологиялық мәселелерді оң бағытта шешуге атсалысып келеді. Бұдан басқа еліміздің мұнайлы аймақтарында жинақталған күкірт және ескі көлік доңғалақтарын утилизациялауға қатысты бірегей жобаларын ұсынғанын да жақсы білеміз. Соңғы уақыттары институт ғалымдары нанотехнология саласында да ірі жобаларды іске асырып, еліміздің мерейін үстем етуде. Бұл ретте бидай мен қант қызылшасының өнімділігін 20-40 пайызға дейін арттыратын биостимуляторлар ойлап тапқанын атап айтуымыз керек. Сондай-ақ, электродты материалдардың көмегімен қан тазалаудың тың тәсілін әлемдік медицина айтулы жаңалық ретінде қабылдады.

 

 

Қазақтың бас химигі

Зұлхайыр Мансұров бұрынғы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің химия факультетіне түскеннен бастап, еліміздегі химия саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан маман. Ол 1973 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, көпшіліктің назарын өзіне аударады. 1980 жылы Алматыда Бүкілодақтық жану және жарылыс симпозиумында Зұлхайыр Мансұров Кеңес өкіметі ғалымдарының назарына түскені белгілі. Осы басқосуда сол кездегі  Нобель сыйлығының иегері Николай Семеновтың ақ батасын алды десек те болады. Симпозиум жас ғалымның Қазақстанда жану мәселелерін зерттейтін ғылыми мекеме құруына түрткі болғаны анық. Бұдан кейін Зұлхайыр Мансұров докторлық жұмысын КСРО ҒА қарасты Құрылымдық макрокинетика институында сәтті қорғап шығады. Білімі толысқаннан кейін ол ұстазы, академик Георгий Ксандопуломен бірлесіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан Жану мәселелері институтының негізін қалағанын білеміз. Арада бір жыл өткеннен кейін іргелі ұжым «Жану үрдісінің химиялық негіздерін іргелі зерттеулері» бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, еліміздегі ең жоғарғы марапатқа ие болды. Міне, содан бері Зұлхайыр Мансұровтың басқаруындағы іргелі ғылым ордасы жану мәселелеріне қатысты іргелі зерттеулер жүргізіп, елімізде химия саласының жоғары деңгейде дамуына барынша жол ашып келеді. Зұлхайыр Мансұров Брюссельдегі INTAS Ғылыми кеңесінде үш жыл қатарынан Қазақстан атынан өкілдік етіп, қазақ химиктерінің әлемдік деңгейде жарқырай көрінуіне жолашар жасаған ғалым.

 

Бірегей институт кереметтері

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мұнай өндірісін өркендетіп, ел экономикасы өркендеді. Мұнай өндірісі өз кезегінде түрлі экологиялық мәселелерді туындатқаны жасырын емес. Осы ретте Жану мәселелері институты мұнай өндіруші компанияларға экологиялық мәселелерді оңтайлы бағытта шешудің тың жолдарын ұсынды. Реті келгенде солардың біразын атай кетсек. Өз кезегінде институт ғалымдары мұнай өнімдерімен әбден ластанған кеніштерінің беткі қабатындағы топырақтарды қырып алып, топырақ пен мазут араласқан қабатты жоғары температурада қыздырып, жолға төсейтін асфальт алудың тың әдісін ойлап тапқаны есімізде. Бұдан басқа суға төгілген мұнайды тазартудың тың жобаларын осы Жану мәселелері инстиуты ұсынғанын ғылымға қатысы бар адамдар жақсы біледі. Зұлхайыр Мансұровтың шәкірттері магнит сорбентінен ластанған суды мұнай өнімдерінен тазартудың озық тәсілін ұсынып, су көздерін сақтауға күш салған болатын. Газетіміздің өткен сандарында Зұлхайыр Мансұровтың шәкірті PhD доктар Кеңес Құдайбергенов суға төгілген мұнай мен мұнай өнімдерден күріш қауызынан жасалған сорбентпен тазартудың тың жолын ұсынғанын жазған болатынбыз. Өз кезегінде жас ғалым күріш қауызын зертханалық жағдайда термиялық және химиялық өңдеуден өткізіп, қажетті көміртектенген сорбентті алып, ластанған су көздерін тазартатын жаңа өнім ойлан тапқан еді. Жану мәселелері институтының жас ғалымдары әзірлеген бұл сорбенттің 1 грамм сорбент 15-18 грамм мұнайды бойына сіңіріп, суды жақсы тазартатынымен ерекшеленетін болатын. Бұдан басқа Жану мәселелері институтының ғалымдары су көздерін ауыр металдардан тазартудың жолын да ойлап тауып, елімізде асқынған экологиялық мәселелерді оң бағытта шешуге атсалысып келеді. Бұдан басқа еліміздің мұнайлы аймақтарында жинақталған күкірт және ескі көлік доңғалақтарын утилизациялауға қатысты бірегей жобаларын ұсынғанын да жақсы білеміз. Соңғы уақыттары институт ғалымдары нанотехнология саласында да ірі жобаларды іске асырып, еліміздің мерейін үстем етуде. Бұл ретте бидай мен қант қызылшасының өнімділігін 20-40 пайызға дейін арттыратын биостимуляторлар ойлап тапқанын атап айтуымыз керек. Сондай-ақ, электродты материалдардың көмегімен қан тазалаудың тың тәсілін әлемдік медицина айтулы жаңалық ретінде қабылдады. Осылайша Жану мәселелері институты тек қана химия саласымен шектелмей – ауыл шаруашылығы, медицина саласында да ғылыми жаңалықтар ашып, әрекет ету ауқымын кеңейтіп келеді. Осы жұмыстарды жүйелі атқаруға, жас ғалымдардың гранттық қаржыландыруға қол жеткізуіне Зұлхайыр Мансұров барынша қолдау көрсетуде. Егер еліміздегі әрбір ғалым Зұлхайыр Мансұровтай ғылымға еңбек сіңіріп, жастарға қолдау көрсетсе, Қазақстанның еңсесі тік, экономикамыз мығым болатыны сөзсіз. Сөз соңында Жану мәселелері институтының абыройын асқақтатып, шоқтығын биіктеткен мына бір жайтты айтпай кетпеске болмайды. Қазір Қазақстанда «Scopus» әлемдік ғылыми мәліметтер қорына енген жалғыз ғылыми журнал да осы инстиуттың ғалымдары шығаруда. Зұлхайыр Мансұровтың жетекшілігімен жарық көретін «Еуразия химия технологиялары» ғылыми журналы ағылшын тілінде жылына төрт рет шығады. Аталған журналға шыққан материалды дүниежүзі ғалымдары үнемі бақылап, басылымда жарық көрген мақалаларға ұдайы сілтеме жасайды. Осы журналдың арқасында қазақ химиктерінің ғылыми жұмыстарына әлем ғалымдарының назары ілігіп жатыр.

 

Нұрлан Жұмаханов

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x