Осы елдің наны жақсы, медалі мықты, ақшасы тәтті. Ал, тілі неге ащы болуы керек?

Dalanews 26 қар. 2018 04:00 236

Біздің кей спортшылар қазақша сөйлемейді. Соған қаның қайнайды кәдімгідей. Біреуінен сұхбат алуға барсаң «извините» деп өте шығады. Орысша сөйлетсең сайрайды ғой әрине.

Солар қай мемлекеттің атынан жарысқа бара жатқанын да білмейді-ау деп кейде таң қаламын да. Он ауыз орысша білгеннен гөрі қазақша үйренгені айып па?

Осы елдің наны жақсы, медалі мықты, ақшасы тіпті тәтті. Ал, тілі неге ащы болуы керек? Мен соны түсіне алмай-ақ қойдым. Тіл үйрену қиын емес қой. 


Мәселен, Англияға немесе Испанияға апарып тастаса он сөз айтамыз. Бір айдан кейін нан сұрап жерлік тілін тәп-тәуір меңгеріп аламыз. Өйткені бұл мәжбүрлік. Біздің елде тіл үйренуге мәжбүрлік жоқ. Сондықтан да олар үйренгісі келмейді. Бірақ оларға «бұларың ұят қой» деп ешкім ескертпейді. Елдің намысын қорғайтын спортшыларда ұлттық сана болмайынша алар асу аласалау болып қала береді-ау. 

P.S. Серік Сапиев Лондонда оқуға түскен жылы ағылшын тілін үйренді. Самат Смақов Түркияда ойнаған 6 ай уақыт ішінде түрік тілін үйренді.

Амангелді Сейітхан, спорт комментаторы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x