Ермұхамет Ертісбаев: «Жасырмаймын, маңызды ақпараттарды Назарбаевқа жіберіп отырдым»

Dalanews 16 ақп. 2022 02:57 325

Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев «Ответь Бажкеновой» каналына сұхбат беріп, кезінде Назарбаевтың көмекшілері оған жағымды ақапараттарды көрсетіп, «Бәрі керемет, халық толық қолдап отыр» деп ақпараттық ваккум тудырғанын айтты. Орыс тіліндегі сұхбатты Nege.kz сайты аударып, жариялады.  

– 2019 жылдан бері жалғасқан транзиттің өзіне де күмән көп болды. Мемлекет элитасы да, көпшіліктің де ығырын шығарды. «Бұл не өзі? Елде қожайын кім?» деген сауалдар туды. Дариға Назарбаева Сенаттың төрайымы болып, Президентпен иық тіресіп тұрды. Мұның бәрі жинақтала келе, соңы осыған жетті...

2007 жылы мамыр айынан бері, Рахат Әлиев шетелге қашқан соң, Назарбаев бір адамға сенуден қалды.


Екіншіден, Президент кеңсесі де, Кітапхана да Назарбаевты кез келген жағымсыз ақпараттан «қорғап» келді. Оның өзі де ешқандай интернетті, әлеуметтік желілерді қолданбады. Оған жағымды дайджесттерді көрсетті. «Бәрі керемет, халық толық қолдап отыр» дегендей.

Жасырмай-ақ қояйын, мен өз материалдарымды Елбасының көмекшілеріне жіберіп отырдым. Олар маған не деді дейсің бе? «Мынауың тым көп. Бір-екі минутқа қысқартып, жағымды нәрселерді көрсету керек» деп қолқа салды. Ол ақпараттық вакуумда отырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x