Қазақстан мен Өзбекстан әріптестігінің болашағы бар ма?

Dalanews 30 шіл. 2019 03:09 333

 Кәрімов кеткелі Өзбекстан Қазақстанға ғана емес, жалпы жалпақ әлемге құшағын айқара ашып, бір кездегі жабық, тұйық жүйенің тоңын жібітуде.

«Сәуірде Ташкентке сапарлаған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «өзбекті өз ағам» деп арқасынан қақты. Мирзияев та Тоқаевты жақын тартып, «қазақтан жолдасың болса, жолда қалмайсың» деген  тәмсілді тілге тиек етті. Аймақтағы көшбастар екі мемлекеттің арасынан қыл өтпес тату болса, талай-талай экономикалық жобаларды бірлесе құрып, игілігін көруге болады. Тоқаев пен Мирзияев іргесін қалауға уағдаласқан қазақ-өзбек шекарасындағы «Орталық Азия» орталығы бірлескен жобалардың бастамасы ғана деп ойлаймын», – дейді Dalanews.kz-ке пікір білдірген өзбек тарихшысы Мирзохид Рахимов.

Оның айтуынша Тоқаевтың президенттік қызметке тағайындалғасын Орта Азиядағы алғашқы сапарын Ташкенттен бастауы –  Қазақстанның Өзбекстанды экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси серіктес көретінінің белгісі.


«Әзір Орта Азия одағы туралы ауыз толтырып айтатын сарапшылар көп. Алайда бұл одақ өздігінен құрыла салмайды. Орта Азияның одақтасуын қаласақ, осы мақсатта алдымыздан кесе-көлденең шығар көптеген қиындықтармен күресуге тура келеді. Тәуелсіздік тұсында өмірге келген ұрпақ Орта Азияның тонның ішкі бауындай үйлесіп, ұйымдасқанын қалайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x