Бекболат Тілеухан: «Мен мемлекеттің адамымын және әр сөзіме абай болуға тиіспін»

Dalanews 29 сәу. 2016 10:47 355

Vласть интернет-басылымына сұхбат берген Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қазіргі күні кеңінен талқыланып жатқан «Жер кодексіне» қатысты пікірін білдіріпті.

"Қазақстандықтар, жер шетелдіктерге жалға берілер болса, бұл ауыл тұрмысына кері әсерін тигізуі мүмкін екеніне алаңдаулы. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?" деген журналистің сауалына Бекболат Тілеухан былай деп жауап берген екен.

 – Кейбір интернет-басылымдар менің атыма қарата бірнеше рет үндеу жолдаған екен. Менің бұл мәселені талқылауға араласпай отырғанымның себебін білесіз бе?

Біріншіден, мен тек шығармашылықтың ғана адамы емеспін, сонымен бірге мемлекеттің өкілі және «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Мұның бәрі маған белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Себебі, мен не айтсам да, тек өз атымнан айтпаймын.

Мұндай салмақты сауалға жауап бермес бұрын алдымен мамандармен – заңгерлермен, шенеуніктермен ақылдасуым керек.

Кейбіреулер менен жер мәселесіне қатысты өткір сын айтады, тіпті саяси мәлімдеме жасайды деп күтетін сияқты. Неге? Әрбірден соң, бұл шешімді Бекболат Тілеухан қабылдаған жоқ, аталған заң былтырғы жылдың қарашасында күшіне енген.

Заңда «жер шетелдіктерге сатылмайды» деп тайға таңба басқандай жазылған.

Әрине, аталған мәселеге қатысты көзқарасымды білдірерде мен отандық және әлемдік экономикадағы жағдайды, еліміздегі әлеуметтік-саяси ахуалды назарға аламын. Ақырғы шешімді қабылдауды кейінге шегеріп ортақ мәмілеге келудің мүмкіндігін де жоққа шығармаймын.

Сонымен қатар, менің көзқарасым бойынша кез-келген ой-пікір қоғамды қақ жармауы керек, мұның арты ашық қақтығыстарға, тұрақсыздыққа апаратын ахуалға жетпеуі тиіс.

Азаматтар биліктің белгілі бір шешімін дұрыс деп таппаса міндетті түрде алаңға шығуы керек пе? Бәлкім, сауатты ресми сауал жіберіп депутаттарға жолдаған жөн шығар, ал біз өз кезегімізде оны қарап шығармыз. Мәселенің осындай қырлары өте көп.

Сондықтан Бекболат Тілеухан арзан популизммен айналысады деп күтпеңіздер. Менен мұндайды күткен адамдардың көңілін қалдыруға мәжбүрмін.

 

Дереккөзvlast.kz


Аударған, Думан Бықай



Мақаланы көшіріп басарда гиперсілтемесін көрсетуге міндеттісіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x