Оқырман мәдениеті немесе «Болмыс» жайлы бір сөз

Dalanews 20 мам. 2015 05:14 303

***
Өз өзімнен бөлініп, өз өзімді әңгімеге шақырып «Сен кімсің?», яғни «Не өнерің бар?» деп оқыстан сұрақ қояр болсам, әжептеуір ойланатын едім. Мен кезінде көшке жаппай ілесіп журналист боп кеткен қауымнан емеспін, одан сол құрамның әлеуметтік желілерге ауысып, ағыл-тегіл өртеніп отыратын блогерлердің қатарынан да емеспін, немесе маңайымдағы өзін «гений» санайтын, не өздерін солай ұстайтын амбициясы тым жоғары пенделердің де (оның өзі бір өнер) санатынан да емеспін.

КИТАПШын айтамын, ешқандай өнерім жоқ екен, өнерге дарыным жоқ екен. Бірақ өзгені қойшы, өз өзіме «Кіммін?» деген сұраққа жауап тауып беруім керек қой. Ойландым, ойландым. Сөйтіп, таптым. Ол қазіргі заманда «актуальный» емес, сондай рөлі де маңызды емес. Қызық та емес. Анау-мынау адамның ойына келе бермейтін өнер. Ол әркімнің қолынан келе беруі де мүмкін, бермеуі де мүмкін. Яғни, екіұшты. Ол – Оқырман. Иә, кәдімгі оқырман. Мысалы, мен оқырманмын. Бәрін оқи беремін. Кітапты да, оның ішінде электрондысы, аудиосы бар, газетті де, рас, қазір бұрынғыдай «Жас алаш», «Егемен Қазақстан» сияқты сала-құлаш газеттер жоқ, үйде лифт күтіп тұрғанда темір поштаға көзім түсіп кетсе, онда шошайтып іліп кеткен жарнамалық газетті де қолтығыма қыстырып әкете саламын. Ең қызығы, әрине, әлеуметтік желінің оқырманы болу. Оның қызығын мен айтпасам да бәрі біледі. Менің міндетім тек үндемей отырып оқу, әрине, оқуға тұрарлықтай нәрсе болса. «Мышканың» дөңгелегін айналдырып қоясың да, іліп аларлық бір бәлелер іздейсің, маңайың мен әлемдегі жаңалықтар, анаған қарайсың, суреттер, еее, қаңғырып жүр екен, еее анаусы өмірінен безіп отыр екен, анаусы өзінше бір «понт», еее, ұзағынан сүйіндірсін, еее, иманды болсын, көңіл-күйің болып «нравится» бассаң бастың, болмаса ол да жоқ. Бірақ «комментарий» жазбайсың, жазсаң «оқырман» деген «тағыңнан» түсіп қаласың ғой. Біреуге бірбәле деп жазсаң, бәлеге қалдым дей бер, төбеңнен қызарып «уведомлениялар» қылқылдап шыға бергені былай тұрсын, кейде ұрыс-керіс, мысқыл, боқтық-бұралау, әй, қойшы, өздерімен кетсін. «Если што», мәдениетті оқырман дымын білдірмей «ішің білсін әлуай» деп отыру керек.
Ең қызығы, әрине, әлеуметтік желінің оқырманы болу. Оның қызығын мен айтпасам да бәрі біледі. Менің міндетім тек үндемей отырып оқу, әрине, оқуға тұрарлықтай нәрсе болса. «Мышканың» дөңгелегін айналдырып қоясың да, іліп аларлық бір бәлелер іздейсің, маңайың мен әлемдегі жаңалықтар, анаған қарайсың, суреттер, еее, қаңғырып жүр екен, еее анаусы өмірінен безіп отыр екен, анаусы өзінше бір «понт», еее, ұзағынан сүйіндірсін, еее, иманды болсын, көңіл-күйің болып «нравится» бассаң бастың, болмаса ол да жоқ. Бірақ «комментарий» жазбайсың, жазсаң «оқырман» деген «тағыңнан» түсіп қаласың ғой. Біреуге бірбәле деп жазсаң, бәлеге қалдым дей бер, төбеңнен қызарып «уведомлениялар» қылқылдап шыға бергені былай тұрсын, кейде ұрыс-керіс, мысқыл, боқтық-бұралау, әй, қойшы, өздерімен кетсін.

Пікіріңді қалдырсаң, оны кем дегенде он адам оқиды, онның он түрлі пікірі бар, сенің пікірің он адамға түрпідей тиіп, оның ұйықтап жатқан «провокатрлық» қасиетін оятып жіберуің мүмкін, монитордың ар жағында отырған әрбір пенде керемет ақылгөй, өйткені интернеттің сондайға айналдырып жіберетін қасиеті бар. Сондықтан желі оқырмандарына өте абай болу керек, провокацияға еріп кетіп ақымақ болу былай тұрсын, өзің провокатр болып кетсең сұмдық қой, үйдегілерден ұят, интернеттің көсемі деп қалар. Мәселен, біздің ағай сияқты болу керек, өзімен өзі, тамақтар, хандар, албастылар туралы жазады, ешкім ештеңе демейді, өйткені ешкім түсінбейді, құдай біледі, оған ешкімнің «нравитсиясы» да керек емес, өз «кәйпі» өзінде. Нағыз оқырман да сондай жұмбақ болуы керек, ешкім түсінбеуі керек. Сосын тағы толғандыратын нәрсе бар, егер осы желідегі «нравится мен комментарий» функциясын түп тамырымен құртып жіберсе қайтер екен? Бір-екі адам депрессияға түсіп, ішіп кетеді, олардың кім екенін де «точно» білем, бір-екеуі туған-туыс, жанұясымен кәдімгідей қауқылдасып, адам қатарына қосылып кетеді. Белгілі нәрсе ғой, кезінде «Мой мирде» де сондай замандар болған. Тарих қайталана береді. Әр нәрсенің ақыры болады. Ақыл деген мұхит емес бізде, желінің «гүлі» болу хобби болса болар, бірақ ол саналылықтың шыңы емес. Желілік өмірді тым «серезный» қабылдайтын, сонымен ауыратын қауымға айтарым, әрбір желі (линия) созыла-созыла үзіледі. Заңдылық қой. Өйткені «нагрузка» көп. Тым көп... Одан өзге әлем бар...

***

«Бұл әлем – басқа әлемнен өзгерек». Желі жайлы сағаттап қырта беруге болар еді, жаңалық емес ол, майын ішкен адамдар бар. «Бұл әлем» жайлы жазса да «желі» (сеть) форматына келмеуі мүмкін. Айтпағым, «бұл оқырман ана желідегі оқырманынан» өзгерек. «Желі» ұғымы бұл «әлемде» қарапайым ғана көркемдік ереже болып қалады. Түсінсеңіздер, мен кәдімгі классикалық оқырман өнерінің мәдениеті жайлы айтпақпын. Кәдімгі дені сау, он екі мүшесі түгел, сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан оқырман. Абайды, Мұхтарды, Шекспир мен Толстойды, т.б. оқыған классикалық оқырман. Мен де солардың қатарынан болуым мүмкін, бірақ қазіргі уақытта ол маған мақтаныш та емес, абырой да емес. Бұрынғы кезде әдебиетті оқып, онымен сусындау, оған еңбек ету интеллигенциялықтың көрінісі, заман мен адамдардың арасын байланыстырып тұратын білім мен даналықтың бір белгісі болса, қазір мүлде олай емес. Қазіргі уақытта кітап оқу қоғамнан, адамдардан оқшауланудың таптырмас құралы. Егер сен қасыңдағы жан жолдасыңды түсінгің келмей, оның проблемасына араласқың келмесе, керісінше, сен өз өміріңе ешкім қол сұққанын қаламасаң, пожалуйста, кітап оқы! Классиктерді шертіп тұрып оқы! Шын айтам, ешқандай мысқылсыз! Батырлар жыры, ертегілерден баста! Қазіргі «Гарри Поттер» мен әлгі «пәленше оттенков серогоға» жетпесең де, бергі Хемингуэй мен Чеховқа дейін оқышы! Рахаааат! Досыңның кредиті, не өзіңнің жалдамалы пәтерің, терроризм, коррупция, соғыс, путин-мутин, тізілген проблемалардың ешқайсысына басыңды ауыртпайсың! Соңғы «контрудар» (діннен безген біреу болмасаң) Құран мен Библияны бір парақтап шықсаң, тіптен керемет! Көзің жарқ ете қалады! Иә, ол жақ басқа «әлем», оны сол жаққа барған адам ғана түсінер.

Сөз арасында қыстырып кетейін, менің соңғы парақтағаным, Рэй Бредберидің «451 градус по Франгейту» кітабы болды. Құдай біледі, осы кітапты оқу үшін өзімді төрт жыл дайындаған шығармын, есесіне төрт күнде оқып бітірдім. Әсерді айтпай-ақ қояйын, ол кітапты бастардағы қорқыныш естен кетпейді. Неге десеңіз, сарыауыз студент кезде, Дж.Оруэлдің «1984» деген романын оқып қатты «соққы» алғанымды ұмытқан емеспін. «Белден төмен» соққы болды, «бастан» емес, «басты» ол кезде Достоевский мен Фрейдттің психологиялық ілімі ұрып алған. «Мидың» шайқалғаны ол кезде үйреншікті болып кеткен, бірақ «белден» сұмдық ауыр тигені есімде. Ол романды оқыған болсаңыздар, ол жүйе жайлы болатын. Қорқынышты жүйе. Ол жеке индивидті «жынды» қылуды үйрететін «эго», «бейсаналық» емес, кәдімгі басқаша қоғамдық жүйе. Иә, қандай да бір кітапты оқысаң ішкі жан дүниеңде бірнәрсенің өзгеретіні анық. Бәрі басқаша болып кетеді. Біреулер бар, бір кітап оқып өмірінен түңіліп, өмір бақи өкінетіндей жүретін. Өйткені, өмірді басқа қырынан сезіп қояды ғой. Мидың қантамырлары басқа бағытпен айналып кеткендей болады ғой. Мен де өкінген шығармын, бәрі де сыртқа айқайлап айтпаса да өкінетін шығар кей кезде. Бір роман оқып ақылы асып-тасып кетпесе де, бұрынғыдан басқаша ойлап, оқшауланудың, жалғыздықтың дәмін сезінгеннен кейін өкінетін шығар. Бірақ, ол кітап оқудың соншалықты қорқынышты екенін білдірмейді. Көзі қарақты оқырман «статусын» алу үшін де басқа істегідей тәжірибе жинақтау керек. Әркімнің өзіндік кітап оқу уақыты мен деңгейі, сондай ақ қулығы бар. Бастапқыда ертегілер, аңыз әпсана, әңгіме, повесть, романдар. Менде осылай басталды. Авторына қарау, тану деген ұғым жоқ, тек мазмұны қызық болса болды. Жоғарғы сыныптарда әдебиет пәнінен шығармада жақсы баға алу үшін бағдарлама бойынша оқылатын қазақ әдебиетінің классикасы (басқа пәнге икем жоқ, сосын авторын еріксіз есте сақтайсың). Содан кейін академиялық білім, оны ұстаздың айқайынан кейін сасқаныңнан Достоевский мен Маркестен бастау, аптасына он шақты шығарма тауысу, кітапханада ұйықтау, одан жатақханада барып тағы кітап жастану. Бақандай төрт жыл! Ешқашан ұмытылмас мұндай қорлық. Бірақ бәрі кеш бұл кезде! Иә, оқыған кітаптардың әлемі мен қоршаған айнала бір-бірімен қиыспай кетті. Бәрін орын орнына қойып, түсіну үшін тағы да төрт жылдай керек болатын шығар. Қалыптаспаған жас адам үшін жөн-жосықсыз кітап оқу құмарлығының өзіндік азабы мен қатері болатынын түсінгендей боласың. «Аузы күйген үріп ішер», тірі пендеде талғам қасиеті пайда болады. Ол керек уақытында ешкімді ұятқа қалдырмайды. Тәжірибелі оқырман бір романға басын қоймас бұрын ол жайлы пікірлер мен мақалалар тауып алып, үш айналып, бір шоқып көретіндей жағдайға жетеді. Бұны миллионның ішіндегі бір оқырманның жолы деп қойыңыз.
Ал кітап жазу ше? Тіптен. Барың да, жоғың да. Солай сияқты болып көрінеді. Екі-үш-ақ тал «шал» қалды қазақ жайлы жазған, жазатын, жазады-ау дейтін. «Шал» дегім келмейді. Жазушы. Бірақ... бірақ дейтін нәрсе бар. Сол баяғы...
Ұларбек (Нұрғалым) «Әкім ағай туралы жазам» дегенде шын айту керек, маған ол сөйлем түсініксіздеу болды.

Бір мысал, бұл менің соңғы мысалым, әрі маңызды мысалым. Боямасыз, әсіресіз бергім келеді. Маңызды дейтінім қазақ әдебиеті жайлы. Белгілі нәрсе, шағым да емес, мен ғана айтпаймын, себебін іздеп, қайғыру да пайдасыз. Бізде әдебиет әлсіреп кетті. Тек қана ол емес, оқырман да. Бір ғана ойым, басында айттым ғой, қазіргі кезде кітап оқу оқшаулану деп. Ал кітап жазу ше? Тіптен. Барың да, жоғың да. Солай сияқты болып көрінеді. Екі-үш-ақ тал «шал» қалды қазақ жайлы жазған, жазатын, жазады-ау дейтін. «Шал» дегім келмейді. Жазушы. Бірақ... бірақ дейтін нәрсе бар. Сол баяғы...
Ұларбек (Нұрғалым) «Әкім ағай туралы жазам» дегенде шын айту керек, маған ол сөйлем түсініксіздеу болды. Біріншіден, ғылыми дәреже қорғағалы жатқан шәкірт ұстазы жайлы жазғанын қалай түсінуге болады? Жағымпаздықтың бір түрі ме? Олай дейін десең, екеуі де «нормальный» адамдар. Әлде басқа тақырып құрып қап па? Жазса не туралы жазады? Басыма сыймайды. Өйткені, бір фильмінен басқа шығармасын білмейді екенмін. Әкім ағайдың шығармаларын оқыған емеспін. Неге оқымағанымды дәл айтып түсіндіре де алмайтын шығармын. Егер қанағаттандырса айтайын, мектеп бағдарламасында болмады, кітабы қолыма түспеді, бір-екілі адам «жамандап», қызығушылығымды оятпады т.б. сол сияқты. Сонымен, хош делік, Ұларбекке мұрным астынан бірнәрсе айтқандай болдым, ол да есімде жоқ. Көрейік дедім ішімнен. Ұларбектің дипломын қорғауға бір апта қалғанда қалай «патырлатып» жазғанын білемін ғой, диссертациясы жауаптылау ғой, екі-үш апта қалғанша қозғалмайтыны белгілі. Күткен күндер де жақындады, кесек-кесек болып поштама келіп жатты. Сондағы міндетім – қалып кеткен үтір, нүктелерін қойып беру. Оларды қою үшін қаласаң да, қаламасаң да оқу керек қой. «Айт» дейді, мен «Айтпай-ақ қояйыншы» деймін. Айту – артық. Проста,үндей алмай қалдым. Үндей алмай қалу үшін дос болудың қажеті жоқ. Проста, оқу керек! Мен бар болғаны бергі жағын оқыдым. Мен романдардың өзін емес, Әкім Тарази жазған романдар жайлы талдауын оқыдым. Қазақтың болмысын, жазушының болмысын, танушының болмысын ұққандай болдым.
Екіұдай өкініш болды, неге Әкім Таразиды оқымадым екен деп, оқысам да түсінуге өрем жетер ме еді? Иә, оқырмын Құдай қаласа! Бірақ оқу үшін жемтікті аңдыған аш күзендерше әлі талай уақыт айналшықтармын. (Бұл да бір бейбақ оқырманның болмысы.) Оқып болған соң да. Өйткені, сеземін, қанша жерден мықты оқырман болсаң да әлсіз жерің болады. «Бастан» алған «соққың» да, «белден» алған «соққың» да саған сый. Ал, оның («Болмыстың») «соққысы» Кеудеден, Жүректен. Соған дайын бол, оқырман!

Майра ФАЗЫЛ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x