Қаржы монитрингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратурасының үйлестіруімен Орал қаласының тұрғындарына лицензиясыз микроқаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бес жыл бойы күдіктілер "Жылдам ақша" деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған.
Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы "кеңес беру қызметі" ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған.
"Қарыз алушылар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық. Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген", - дейді Қаржы мониторингі агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды.
Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге – тыйым салынды.
Тергеу жалғасуда.