– Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз, – деп хабарлады Ә.Исекешев қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып. – Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары – бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан бұл жерде (түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына қатысты - Ред.) шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет – айыппұл, екінші рет – айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет – қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет, – деп қорытындылады Астана әкімі.
Дереккөзі: inform.kz