«Интеллектуалды көлік жүйесі» Шымкенттегі көлік кептелісін реттемек

Dalanews 04 мая 2018 08:13 1355

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы тіркелген автокөліктердің саны 500 мың бірліктен асып жығылады. Осыған байланысты, облыс көлемінде, соның ішінде Шымкент қаласындағы жол-көше желілері мен көлік ағындарын басқару мәселесін шешу мақсатында интеллектуалды көлік жүйесі ендіріле бастады.



«Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылатын болады. Осы жаңа жүйе бойынша «ақылды» бағдаршамдар орнату қолға алынып отыр. Олар кептеліс болмау үшін жүргізушілерді көлік қозғалысы аз көшелерге бағыттайды. Бүгінде мұндай бағдаршам қаланың Адырбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан. Ал осы жылы 12 бағдаршам орнату жоспарланған болса,  оның ішінде екеуі ақылды бағдаршам. Жалпы қалада көше қиылыстарының өткізгіштік қабілеттігін   269 бағдаршам кешендері қамтамасыз етеді.

Интеллектуалды көлік жүйесінің тағы бір кезеңі – фото және бейнежазба жүйесі. Бұл бойынша Шымкент қаласында барлығы 992 фото-бейнежазба құрылғылары орнатылған. Соның ішінде 479 камера жол ережелерін бұзған көлік құралдарын анықтаса,  513 камера жалпы шолуға арналған. Барлық бейне бақылау камералары Қалалық Ішкі істер басқармасындағы Шұғыл басқару орталықтары арқылы жіті қадағаланады.



Бұдан бөлек, жаңа жүйеде қоғамдық көліктерді бақылау және  электрондық билеттеу де қаралған.  Мәселен, Шымкент қалалық қоғамдық көлік желісі 78 бағыттан тұрады. Барлық автобустар деректерді нақты уақыт режимінде мәлімет беру құрылғысымен (GPS) толығымен жабдықталған. «Диспетчерлік қызмет орталығы» жұмыс жасайды. Ал, қаладағы қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін ендіру бойынша «SMART-ЖКХ» ЖШС-гі мен ағымдағы жылдың ақпан айында меморандум түзілген.

Тұтастай алғанда, облыс әкімдігі тарапынан Интеллектуалды көлік жүйелерінің негізгі компоненттерін ендіру және дамыту бойынша жұмыстар бекітілген Жол картасына сәйкес, республикалық бірыңғай жүйеге кезең-кезеңімен интеграциялау арқылы жүзеге асатын болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости