Инжирликте кімдерге қарсы операция жүргізілді?

Dalanews 17 июл. 2016 01:54 994

Түркиядағы әскери бүлікке Инжирлик әуе базасындағы әскерилердің қатысы болуы мүмкін. Елдің Сыртқы істер министрі Мевлют Шавушоғлы аталған әуе базасында жұмыс істейтін әскерилерге қарсы операция жүргізілгенін мәлімдегені жайында RT агенттігі хабар тартты. Кеше әуе базасы жұмысын уақытша тоқтатқан.

Министрдің мәлімдеуінше, әскери хунтаны ұйымдастыруға қатысты бар деген күдіктілерге қарсы операция сәтті аяқталған. Дегенмен Мевлют Шавушоғлы қандайда бір әскери тұлғаның аты-жөнін атамағанын айта кетуіміз керек.

Ал Түркияның Қорғаныс министрі Фикри Ышық Инжирлик әуе базасына қатысты әскери бағытта бірқатар «қауіпсіздік шаралары» қабылданғанын хабарлады.

Әскери төңкеріс кезінде Инжирлик әуе базасына ұшақтардың ұшып шығуына және қонуына қатаң түрде тыйым салынған болатын.

Ал АҚШ-тың Түркиядағы консулдың жергілікті билік орындары әскери әуе базасындағы жағдайды толық бақылауға алып, әскери нысанға қуат көзін беруді тоқтатқанын хабарлаған еді. Сол себепті дипломаттар АҚШ азаматтарына әскери әуе базасындағы жағдай қалыпқа келгенше тұрғылықты жерлерінде қалуға кеңес берген-ді.

Инжирлик НАТО-ның Түркиядағы ең ірі әскер базасы. Мұнда альянстың ядролық заряд ие оқтұмсықтары сақталған. Әскери нысанда АҚШ пен Еуропа елдердінің әскери күштері орналасқанын айта кетуіміз керек. Олар Сириядағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы әскери операция жүргізіп келеді.

 

 

Рекомендовать
Последние новости