Илья Ильин: "Рио Олимпиадасына дайындық үстіндемін және ол үшін барымды саламын"

Dalanews 16 июн. 2016 05:09 908

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин өзінің допинг дауына іліккеніне қатысты пікірін білдіріпті. 



– Бұл xабар мен үшінде төбемнен жай түскендей болып тұр, – дейді Илья. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сәйкес мен туралы барлық ақпарат "ADAMS" xалықаралық жүйесінде тіркелген. Бұл жүйеде менің өмірімнің әр сағаты қай жерде, қалай өтетіні толық көрсетілген. Мейлі ол жаттығу уақыты болсын, мейлі басқа уақыт болсын. Сондықтан мен WADA қызметкерлері үшін әрқашан ашықпын және үнемі олардың бақылауындамын.

Оның айтуынша, биыл Польшада және Алматы қаласында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде екі рет допингтік тексеруден өткен.

– Бірде бір xалықаралық жарыс допингтік тексерусіз өтпейтіні баршаңызға мәлім. Менде барлық спортшылар сияқты 2004 жылдан бері допингтік тексеруден өтіп келемін және нәтижесі үнемі таза болды.

Қазірде Рио Олимпиадасына дайындық үстіндемін және ол үшін барымды саламын. Бұл іске еліміздің спорт бамқармасы барынша бел шешіп кірісуде, маусымның аяғында бір нәтиже болар деп ойлаймын.

Олимпиада ойындарына қатысуға тапсырыс беру үшін шілде айының ортасына дейін уақытым бар. Маған қатысты бұл оқиғаның қисынсыз екенін дәлелдеп шығамыз деп ойлаймын.

Мен өмірімнің 20 жылын спортқа арнадым. Күн демей, түн демей жаттығу залында алақанымның терісі сыпырылып түскенше тер төктім. Күніне үш жаттығудан жасадым. Мен Отаным алдындағы жауапкершілікті, азаматтық борышымды бір саткеде жадымнан шығарған емеспін. Халқыма тек жеңіс сыйлау үшін барымды салып бақтым. Маған қатысты қандай шешім қабылдансада осыны біле жүрсеңіздер екен деймін. Осыншама жылдар бойы қиын сәттерде, қуанышты сәттердеде мені қолдап келдіңіздер. Қазірде қолдайды деп сенемін. Ұлдарыңыз Илья Ильин, – деп аяқтапты өзінің сөзін зілтемірші жігітіміз. 

Рекомендовать
Последние новости