Қазақстандық әнші Yenlik культке айналған A COLORS SHOW музыкалық жобасына қатысып, үлкен серпіліс жасады. COLORS – жұлдыздар бір түсті фон аясында жанды дауыста ән орындайтын немістің YouTube-арнасы, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Yenlik бұл жобаға шақырту алған Қазақстаннан шыққан алғашқы әртіс атанды. Бұл – оның көптен бергі арманы.
«Ұсыныс келгенде бақыттан жылап жібердім. Бұрын өзіміз бірнеше рет өтінім беріп көргенбіз, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы COLORS мені өздері тауып алды», – дейді әнші.
Yenlikтің айтуынша, табыстың сыры – шынайылықта. Шоудың командасын оның бірегей музыкасы мен қазақ тілі – жарқын локал сахнаның дауысына айналған стилі қызықтырған болуы мүмкін.
Түсірілімдер жайлы, камерлік ортада өтіп, бар-жоғы бірнеше сағатқа созылған. Ал өнер көрсетудің визуалдық коды ретінде арнайы бір түс таңдалған.
