«Яхта бәссаудада сатылды». Олигархтар дүние-мүлкінен айырылып жатыр

Dalanews 24 авг. 2022 11:32 913

Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін ЕуроОдақ елдері Ресейдің кәрі құрлықтағы дүние-мүлкін тәркілеген-ді. Енді олар сол дүние-мүліктерді бәссаудаға шығарып сата бастады. Күні кеше ғана Гибралтар аралдарында өткен бәссаудада олигарх Дмитрий Пумпянскийдің супер яхтасы сатылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Алып су көлігі Путин әскері Украинаға басып кірген науыз айында арестке қойылған болатын.

23 тамыз күні супер яхта бәссаудаға шығарылған сәтте оны сатып алуға ықылас танытып, 63 адам ұсыныс жасаған.

Қазірше яхтаны кімнің, қаншаға сатып алғаны белгісіз. Бәссауданы ұйымдастырушылар су көлігінің кімге, қаншаға сатылғанын алдағы екі аптаның ішінде жария етуге уәде берді.

Ұзындығы 72 метр болатын Axioma супер яхтасынан түскен қаржының біраз бөлігін американың JP Morgan инвестициялық банкінің есеп-шотына келіп түседі. Өйткені қайықтың қожайны аталған банкке 20 млн долларға қарызданып қалған.  


Супер яхтаның қонақ қабылдайтын алты каютасы, бассейні, 3D-кинотеатры, тренажер залы бар екенін естеріңізге саламыз.

Яхтаның осыған дейінгі қожайыны олигарх Пумпянский Ресейдің мұнай-газ саласына арнап темір құбырлар шығаратын TMK компаниясының қожайыны. Ол осыған дейін өндірген өнімдерін Газпромға сатып пайдаға белшеден батып келген-ді.

Ресей Укрианаға басып кіргеннен кейін Пумпянскийге Ұлбритания, АҚШ және ЕуроОдақ елдері санкция салған болатын.

Рекомендовать
Последние новости