Хромтау әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Көркем Алдабергенова 12 нояб. 2025 09:04

Ақтөбе облысының Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, қала әкіміне пара алу дерегі бойынша күдік келтірілуде.

«Сот екі ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі Қазақпаратқа.

40 жастағы Сағындық Шабықбаев 2023 жылдың қыркүйегінде Хромтау қаласының әкімі болып сайланған еді. Оны сайлауда аудан орталығының тұрғындары қолдаған.


Рекомендовать
Последние новости