Халықтың мегаполистерге жаппай көшуі: Депутат көші-қон мәселесіне алаңдаушылық білдірді

Қаракөз Амантай 07 нояб. 2024 09:12 1502

Депутат Нұрлан Әуесбаев Қазақстан аймақтарынан халықтың көшіп кетуі мәселесіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, биылғы жылдың алғашқы жартысында республикалық маңызы бар қалалардан тыс өңірлерде көші-қон салдарынан халық саны азайған. Ірі қалаларға көшіп келушілердің саны шамамен екі есеге артқан.

“Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында тұрғындар санының кемуі назар аударарлық. Депутаттың айтуынша, соңғы 20 жылда Солтүстік Қазақстан облысының халқы бірде-бір рет өспеген”, - дейді ол.

Әуесбаев қазақстандықтардың мегаполистерге жақсы өмір іздеп көшіп барғанымен, жұмыссыздық мәселесіне тап болатынын айтады. Ол Алматы, Астана және Шымкент қалаларының аумағын кеңейтудің мүмкін екенін, бірақ әр қаланың өз сыйымдылығы барын атап өтті.

“Ғалымдардың есептеулері бойынша, Шымкенттің демографиялық сыйымдылығы 600 мың, Алматының 1,2 миллион, ал Астананың шамамен 1 миллионнан сәл асады”, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 12 мыңнан аса қазақстандық ұлтын ауыстырғаны туралы айтқан едік.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде 743 орыс ұлтын неміс деп өзгерткен. 354 өзбек - қазақ болып өзгерген, 300 орыс украиндық деп, ал 246 украиндық орыс деп өзгертсе, 11 орыс - қазақ болып өзгерген.  

Paryz.kz дерегінше, жылдар бойынша: 

2021 жылы 3254 қазақстандық; 

2022 жылы 3363 қазақстандық; 

2023 жылы 3366 қазақстандық, 

2024 жылы 2158 қазақстандық ұлтын өзгерткен. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының19-бабының 1-тармағына сәйкес әркімніңөзінің ұлттық, партиялық және діни тиесілігінайқындауға және көрсетуге немесекөрсетпеуге құқығы бар. Бұл норма адамныңөзінің ұлттық ерекшелігін анықтау құқығынбекітеді. 


Рекомендовать
Последние новости