Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында ауыс-түйіс жүргізді

Сағыныш Сардарова 07 нояб. 2024 09:06 2786

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент жарлықтарымен:

  • Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;
  • Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды; Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органы.

Комиссияның негізгі міндеті - Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізу.

Миссиясы - еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу жолымен азаматтардың тікелей немесе өз өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету.

 

 


Рекомендовать
Последние новости