Халыққа құр сөз емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын оң өзгерістер керек - Марс Аблезов

Dalanews 10 мар. 2023 15:20 2072

№5 сайлау округы бойынша Астана қалалық Мәслихатының депутаттығына кандидат Аблезов Марс Сапарұлының сайлауалды бағдарламасы. 

Құрметті Алматы ауданының тұрғындары!

 Мен Аблезов Марс Сапарұлы 1991 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келдім. Білімім жоғары, Еуразия гуманитарлық университеті мен Ресейлік ПМПГУ тәмамдадым. Еңбек жолымды 2012 жылы Астана қаласы №40 мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастадым, қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп-лицейінде директор қызметіндемін. Жалпы ұстаздық еңбек өтілім 10 жыл. Отбасылық жағдайым – үйленгенмін, 3 баланың әкесімін.

        №5 сайлау округі бойынша сайлауға түсу туралы шешім кездейсоқ болған жоқ: белгілі бір уақыт ішінде мен осы ауданның аумағында жұмыс істеймін және округтің мәселелерімен таныспын.


Әлбетте, әрқайсыңызда менің депутаттыққа түсуімнің қандай себебі бар деген сұрақ туындауы мүмкін.

Себебі, депутатқа қоғамдық жұмыстар қосымша жүктеледі, оған қоса ақы төленбейді.

 

Біріншіден. Мен сайлауға мандат үшін бармаймын. Мен үшін бұл – қалалық мәслихаттағы қоғамдық бастамалар аясында аудан тұрғындарының лайықты өкілі болуға мүмкіндік.

Екіншіден. Бос сөз емес, нақты іс керек. Жұрт талай жылдан бері құрғақ сөз бен бос уәдеден шаршады. Халыққа құр сөз емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек.

Қадірлі сайлаушылар!

Бүгін мен сіздерге өзімнің өмірлік  және кәсіби тәжірибеме сүйеніп негізделген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Алдағы бес жылға арналған менің сайлауалды платформам төмендегідей нақты бағыттар бойынша мәселелерді шешуге бағытталады:

  • Сапалы білім – ел болашағы;

  • Әлеумет – халық игілігі.


 

  1. САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ


Алматы ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі – мектептің жетіспеушілігі. Сапалы білімге қолжеткізудің бірінші алғышарты білім беру мекемелерін, мектептер санын көбейту. Әсіресе аудандағы үш ауысымдық мектептерді азайту.

 

Бұл бағытта менің мақсатым:

– Ауданымызда "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде заманауи талаптарға сай білім ошақтарын салуға, ескі мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге, жаңа оқу кабинеттерін ашуға (трансформациялауға) ықпал жасау.

- Білім сапасын көтеруде ұстаздардың кәсіби біліктілігі үлкен рөл атқаратындығы белгілі. Сондықтан да, «Almatylyq Ustazdar» жобасын іске қосу. Бұл жоба аудандағы мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру мақсатында арнайы тренингтер мен семинарларды ұйымдастыруға бағытталады.


  1. ӘЛЕУМЕТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ


Астана – тек қала орталығындағы аудан тұрғындары үшін емес, барша астаналықтар үшін де жайлы қала болуға тиіс. Біздің аудан тұрғындары жаяу серуендеп, спортпен шұғылдану үшін қала орталығына барып, сабылмауы керек. Барлығына бірдей қадамдық қолжетімділік тұжырымдамасын ұстану қажет.

 Бұл бағыттағы менің мақсатым:

– Аудан аумағында жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға (саябақ, скверлер және т.б.);

– Экологиялық акцияларды жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы аудандағы жасыл желектер ауданын үлкейтуге атсалысу.

 Ол үшін мен:

– Жоғарыда аталған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуге атсалысып, жеке бақылауыма аламын.

Депутат ретінде мен ашықтық пен адалдық қағидатын ұстануға, халықты өз қызметі туралы жедел және сенімді түрде хабардар етуге, сайлаушылардың пікіріне қызығушылық танытуға, барлық сұрақтарға жауап беруге, проблемаларды тиімді шешуге ниеттімін.

Округ тұрғындарының мәселелерін шешу - менің бірінші кезектегі міндетім.

Құрметпен, кандидаттарыңыз Аблезов Марс Сапарұлы!

 

*Материал ақысы Астана қалалық Мәслихатының депутаттығына кандидат Аблезов Марс Сапарұлының республикалық бюджет есебінен төленді

Рекомендовать
Последние новости