"Халық тамақ жеу үшін кредит алып жатыр...". Депутат Мәминге үн қатты

Dalanews 16 сент. 2020 11:24 1015

Қазақстанда ауқымды несиелік рақымшылық жүргізуді "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары ұсынды, деп хабарлайды Dalanewz.kz. 

Олар депутаттық сауалын премьер-министр Асқар Маминге жолдады.

Төтенше жағдай режимі, карантин мен локдаун сияқты шектеу шаралары аурудың жаппай таралуын тоқтатуға көмектескен шешімдер болды. Бірақ бұл шаралар жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлерді табысынан айырды, - деді депутат Айқын Коңыров.

Оның сөзінше, карантин кезеңінде ШОБ саласында өндіріс көлемі күрт құлады, қоғамдық тамақтану өндірісі - 53%-ға, бөлшек сауда - 45%-ға, көлік - 37%-ға құлдырады. Бұдан кәсіпкерлер мен жұмысшылар үшін кәсіпорындардың жабылуы, банкрот, банктермен соттасу сияқты тәуекелдер туындайды.

Карантин кезінде ресми деректерге сай, 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалды. Жұмыссыздық ел тарихында болмаған 46%-ға дейін жеткен. Бұл дағдарыс – санитарлық-эпидемиялық жағдайдан ғана емес, жұмысыздық жағдайынан да туындаған дағдарыс. Сәйкесінше, енді төтенше шаралар қабылдау қажет, - деді мәжіліс депутаты.

Ол ел Президентінің 2019-шы жылғы "несиелік рақымшылығы" қоғам мен қаржы институттарына оң әсерін берді дейді. Бірақ 2020 жылдың алғашқы жартысында микрокредиттер көлемі айтарлықтай өсіп кеткен. Шағын және орта бизнес микрокредиттік портфелін 850% пайызға өсіріп алды, сонымен бірге мерзімі өтіп кеткен қарыздар да 238%-ға өсті.

Егер бұрын халық несиені тұрмыстық техника, киім-кешек пен той-томалаққа алса, енді бұрынғы кредиттерін жабу үшін, балаларын оқыту, емделу мен тамақ жеу үшін жаңа кредиттер алып жатыр.

Несие төлемдерін шегеретін президенттік мораторий осы қыркүйек айында аяқталады, ал несие алғандардың төлем қабілеттігін қалпына келтіре алуы екіталай.


Мамандар егер жаңа шектеу шаралары енгізілмесе, шағын және орта бизнес бұрынғы қалпына тек бір жылдан кейін ғана келеді деп болжап отыр. Түрлі сарапшылар ШОБ нысандарының 30%-дан 50%-ына дейін жабылады дейді. Соған байланысты азаматтар мен шағын бизнесті қолдау қажет, деді Қоңыров.

Ол жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несиелік рақымшылық жүргізуді ұсынды.

Рекомендовать
Последние новости