Виталий Третьяков: Америкалық ақылды, орыс ақымақ па?

Dalanews 22 янв. 2015 04:09 1006

[caption id="attachment_8720" align="alignright" width="326"]7807214 Виталий ТРЕТЬЯКОВ[/caption]

Ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Жоғарғы телевизия мектебі факультетінің деканы. Ресейдегі журналистік ортада аса танымал тұлға. «Өзгеше ойлау қажет. Бірін-бірі қайталап жатқан ақпаратқа мүлде ұқсамайтын, керісінше соған кереғар дүние жаз. Сонда жаңа, өзге қоғамдық пікірдің қалыптасуына себепші боласың», – деп бастады әңгімесін декан. Алайда әңгіме ауаны Украина тақырыбына ауып кете берді.  Журналистика жайына қалды. АҚШ пен Батысты жамандау басталды...  

  ОРЫС ЖУРНАЛИСТИКАСЫ – ҰЛЫ ЖУРНАЛИСТИКА

– Айтыңызшы, журналистиканың  мақсаты не осы?

– Қоғамға ақпарат тарату, маңызды мәселе көтеру, өзекті оқиғаны жеткізу. Мұны өзің де білетін шығарсың?

 – Білеміз... Бүгінгі ресейлік БАҚ қоғамға қандай ақпарат таратып отыр?

– Қандай ақпарат таратушы еді? Украинаны меңзеп отырған боларсың. Бізге, біздің БАҚ үшін ол жақтағы оқиғалар үлкен сабақ болды. Ресейлік ақпарат құралдары «қоғам мүддесіне» қызмет етуді үйренді.

 – «Қоғам мүддесі» деп нені меңзеп отырсыз?

–  Сен де АҚШ ақпарат құралдарының «вассалына» айналғансың-ау. Батыстан есетін қаңқу әңгіменің бәрін қорытпай қабылдай беретін сияқтысың. Қазір бұрынғы Кеңес үкіметінің аумағында соғыс жүріп жатыр. Украинаның шығысында қан төгілуде, адам қаны... Ал өрт қайдан шықты? Әріден бастайық. Лениннен... Оның тұсында Украинаға Жаңаресейдің (Новороссия) орасан зор аумағы беріле салды. Мұны бүгінгі орыс баспасөзі айтпауы керек пе еді?

[caption id="attachment_8721" align="alignleft" width="313"]uXvv4Yg Америка және орыс журналистикасы екі бөлек әлем.[/caption]

–  «Ақпараттың өңін айналдыру», болмағанды болғандай етіп жазу журналистика заңына қайшы емес пе?

Қайшы. Бірақ бұған Батыстың ақпарат құралдары бармады дейсің бе? Әзір ақпараттық айқас жүріп жатыр. Аяусыз айқас. Бұл ең алдымен өз ақпараттық кеңістігіңді қорғаудың жолы. Сосын сіздер ойлағандай тәуелсіз журналистика жоқ қазір. Тіпті, адам да өзін «толық тәуелсізбін» деп айта алмайды.

Иә, журналистиканың заңы барлық жерде бірдей. Бірақ, дәл қазіргі Америка және орыс журналистикасы екі бөлек әлем. Америка журналисі өзін сөз бостандығының жаршысы санайды. Бір қызығы, біздің орыс журналистері де дәл осылай ойлайды. Яғни, америкалық ақпарат құралдарын демократия символы деп есептейді. Бұл мүлде қате тұжырым. Орыс журналистикасы –ұлы журналистика. Кеңестік кезеңдегі журналистика өзінің жазған дүниесі мен көтерген мәселесі жағынан ешкімнен кем түскен жоқ. Ал посткеңестік кеңістіктегі журналистикада орыс журналистикасының жұрнағы, жалғасы бар.

Батыс және АҚШ журналистикасында біз ойлаған деңгейдегі сөз бостандығы жоқ. Бұл бүгінгі күні айқын көрініп отыр...
Ресейлік телеарналардан көрсетілетін Голливуд киноларының желісі менің зығырданымды қайнатады. Америкалық – ақылды, ал орыс – ақымақ. Америкалық – адал, ал орыс – коррупционер. Орыс бүкіл әлемді отқа орағысы келеді, ал америкалық оның алдын алады... Әлемді құтқарып қалатын америкалық рейнджер болмаса полиция қызметкері, ЦРУ агентін біздің көгілдір экраннан алып тастаса қарсы болмас едім (дәл қазір бұл ауадай қажет бастама).

– Сөзіңізге қарағанда, қазір объективті болудың өзі оңай еместей көрінеді...

[caption id="attachment_8722" align="alignright" width="355"]479EE7533D6EABD40314F6B53A5172E6CB8098520A47E6B35FA23ED2E9418451 Ресей Президенті Путин мен Украина Президенті Порошенконың Минскідегі алғашқы кезігуі.[/caption]

– Объективті болу үшін мақала жазардың алдында журналист өз догмасын, ұстанымын ұмытуы керек. Мысалға, сенің саяси ұстанымың қандай? Сен либералсың ба, әлде антилибералсың ба болмаса коммунистсің бе әлде анти коммунистсің бе? Бұлай болған жағдайда, сенің сараптамаңды объективті деп атауға келмейді. Қалай болғанда, ұстанымың жеңіп кетеді. Оның үстіне қазіргі оқиғалар да көпжақты, көпқырлы.

Мысалға, Вашингтон қазіргі киевтік жүйенің алдына бірнеше міндет қойып отыр. Біріншіден, олар Путинді Украинаның Шығысына әскер кіргізуге итермелемекші. Ресей бұған барар болса, тәуелсіз елдің территориялық тұтастығын бұзған болып шығады. Яғни, әлем бізді «агрессор» деп атайтын болады. Өз басым қазіргі Еуроодақ басшыларының әлсіздігіне, бишаралығына таң қаламын. АҚШ-тың жетегінде жүр.

АҚШ Путиннің Украинаға әскер кіргізгісі жоқтығын біледі. Бірақ, Кремльді соған баруға барынша итермелеп отыр. Әртүрлі әдіс-амалды қолданып... Американың әзіргі саясаты түгел осыған бағытталған. Ал киевтік жүйе бұл арада тапсырманы орындаушы ғана.
 Менен тәлім алған белгілі журналистердің Лениннің цитаталарын мазақ қылған пікірлерін оқығанда күлкім келеді. Пікірдің өзгеруі бір сәтте екен... Кезінде солар «Владимир Ильич неткен кемеңгер еді, айтқан сөзі көздеген жеріне дөп түсетін»,– деп таңғалып жүретін-ді.

КИЕВ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ӨЛТІРІП ЖАТЫР

– Ал бүгінгі орыс журналистикасының ұстанымы қаншалықты нық және қаншалықты дұрыс?

– Оның дұрыс немесе бұрыстығын уақыт көрсетеді. Өз басым орыс журналистикасына көңілім толмайды. Бізді Батыстың мысы басып кетіп отыр. Анығырақ айтсам, Батыс журналистикасы маркстік-лениндік журналистиканы ысырып тастады. Шындығында, аталған бағыттың өзектілігі өлмеген еді. Осының кесірінен орыс журналистикасы өзіне тән «мінезінен» айырылып қалды. Менен тәлім алған белгілі журналистердің Лениннің цитаталарын мазақ қылған пікірлерін оқығанда күлкім келеді. Пікірдің өзгеруі бір сәтте екен... Кезінде солар «Владимир Ильич неткен кемеңгер еді, айтқан сөзі көздеген жеріне дөп түсетін»,– деп таңғалып жүретін-ді.

Менен тәлім алатын студенттерге әрдайым айтып отырамын. Біз америкалықтардан еш кем емеспіз. Ресейлік телеарналардан көрсетілетін Голливуд киноларының желісі менің зығырданымды қайнатады. Америкалық – ақылды, ал орыс – ақымақ. Америкалық – адал, ал орыс – коррупционер. Орыс бүкіл әлемді отқа орағысы келеді, ал америкалық оның алдын алады... Әлемді құтқарып қалатын америкалық рейнджер болмаса полиция қызметкері, ЦРУ агентін біздің көгілдір экраннан алып тастаса қарсы болмас едім (дәл қазір бұл ауадай қажет бастама).

[caption id="attachment_8723" align="alignright" width="372"]Украина: Янукович болашақта Порошенконың өз орнын басарын білді ме екен? Украина: Янукович болашақта Порошенконың өз орнын басарын білді ме екен?[/caption]

– «Ресейлік телеарналар адамды «дуалауды» (зомбирование, автор) жақсы меңгерген», – дейді...

– Бұл арада дуалау дегеннің өзі жалған ақпарат таратып отыр дегенге саяды ғой. Сіз ресейлік БАҚ жалған ақпар таратып отырғанын дәлелдеп бере аласыз ба? Тапсырманы жүзеге асыру үшін Киевке Украинаның Шығысындағы бейбіт тұрғындарды атуға рұқсат берілді ме? берілді. Ол ғана емес, Киев ресейліктерді , атап айтқанда, журналистерді өлтіріп жатыр. Бұл да АҚШ-тың пәрмені. Мұның бәрі не үшін жасалып жатқанын ілгеріде айттым. Америка Путиннің Украинаға әскер кіргізуін қалайды, олар соған ділгір. Ертеңгі күні Путин бұған бұйрық берсе, АҚШ Ресейді «агрессор», ал Путинді әскери қылмыскер деп атайтын болады. 

Батыс Киевті саяси, қаржылық, дипломатиялық және ақпараттық тұрғыдан қолдап отыр. Ендеше, Кремль қашанға дейін қарап отырмақ? Ресейге бүгінгі Украинаның биліктегі өкілдеріне қарсы (бірінші кезекте Порошенко) табанды әрекет ететін, олар жүргізіп отырған саясатын  «жаныштайтын» кез жетті. Болды. Шыдамның да шегі бар. Мен арандатушы емеспін. «Порошенконың саясатын жаныштау». Дәл осы саясатты ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Батыс Гитлерге қарсы қолданған болатын.

– Рахмет!

Әңгімелескен, Думан БЫҚАЙ


 

Рекомендовать
Последние новости