"Вице-министрдің теңгені қолдаудағы сәтсіз әрекеті". Сарапшы Қасеновты сынап тастады

Кәмшат Тілеухан 10 окт. 2024 14:43 2363

Экономист Ғалымжан Айтқазин бүгінгі Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың теңге бағамына қатысты білдірген пікірін сынап, бұл арадағы нақты себепті атады. Сарапшының пікірінше, ұлттық валюта бағамының әлсіреуі Қазақстанның "бюджет кірістерінің тапшылығы" қысымынан туындауда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҰЭ вице-министрінің теңгені қолдаудағы сәтсіз әрекеті" деп аталатын Telegram-дағы арнасындағы жазбасында экономикалық сарапшы вице-министр Арман Қасеновтың бүгін БАҚ алдында "ұлттық валютамыз тұрақты" дегенді дәлелдеуге тырысқан сәті сәтсіз болғанын айтады. Өйткені барлық жағдайдан қанық ол арадағы адамдар үшін оның ұсынған ақпараты сенімсіз шыққаны сөзіз.

"Ұлттық банк бір жағынан трансферттерді қамтамасыз ету үшін биржада мұнайдан түскен долларларды сатып жатса, ал екінші жағынан БЖЗҚ үшін доллардың рекордтық көлемін сатып алу туралы шешім қабылдаған. Бұдан теңге бағамының нығаюына жылдың бірінші жартысындағыдай аз ықпал болады деп болжауға болады.  Ақырында, мұны банктер де біліп алды, енді олар "бюджеттік дағдарыстың" қазіргі макроэкономикалық жағдайында бағамға сенімді түрде қысым жасай беретін болады.  Міне, қазіргі теңге бағамының жағдайына түрткі фундаментальды себептер",- дейді сарапшы.

Бұған дейін біз Ұлттық экономика вице-министрі ұлттық валютаның тұрақты деп айтқанын жазған болатынбыз. "Валютамыз тұрақты. Әрине, оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Кез-келген басқа валюталардағыдай, ол елдің экспортына-импортына байланысты болады, сондықтан мұндай әсерлер болғанда бағам өзгеруі мүмкін, алайда, жалпылай алғанда валютаның тұрақталғанын көресіз, тіпті инфляцияны қоса есептегенде, ұлттық валюта түріндегі депозиттердің кірістілігі шетел валютасына қарағанда әлдеқайда табысты екенін байқауға болады. Сондықтан, өз басым, ұлттық валютаның тұрақты болатынына сенемін", - деді Қасенов бейсенбіде Сенат дәлізінде журналистерге берген сұқбатында.


Рекомендовать
Последние новости