ВТБ Қазақстандағы еншілес банкке қолдау көрсетеді

Dalanews 04 мар. 2022 11:29 852

ВТБ Қазақстандағы өзінің еншілес банкіне қажетті қолдау көрсетеді және оған қосымша қаржыландыру береді.

Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады және елдің заңнамасы шеңберінде жұмыс істейді. Клиенттердің ВТБ (Қазақстан)-да орналастырылған барлық қаражаты бөлімшелерде де, қашықтық арналарда да қолжетімді.

Оларды бұрынғысынша толық көлемде пайдалануға болады, олар үшін Қазақстан аумағында операциялар жүргізу қолжетімді.

Банк ВТБ (Қазақстан) қазіргі уақытта клиенттер мен серіктестері алдындағы өз міндеттемелерін орындай отырып, қаржылық қызметтердің негізгі түрлерін ұсынуды жалғастыруда.

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Бүгінгі таңда банктің еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк ВТБ (Қазақстан) орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж.1.2.14/39 лицензиясы

Рекомендовать
Последние новости