«Вот, казахи!» деп кемсіткенде Жүсіптің өзі қалшылдап кетті

Dalanews 31 мар. 2017 09:53 994

«Әзіл неғып арзандап кетті?» деген сұрақ үнемі қабырғасынан қойылып жүр. Рас, күлдіріп отырып жылататын, жылатып тұрып күлдіретін әзіл, юмор қоюға болады. Алайда, көрермен сол әзілдің астарын түсінбесе ше?

Өйткені, қазір қазақ тілі дамудан қалып барады. Менің балам да қызметіне қажет болғандықтан Германияға барып, бір жылдың ішінде неміс тілін үйреніп алды. Нанын жеп жүрмеген соң, өз басым о баста маманданған араб тілін бүгінде керек етпеймін де. Өйткені, несібе өзге саладан бұйырды. Сондықтан біздің барлығымызға да бірінші кезекте қазақ тілі қажет!

Қазақтың тілі дамыған кезде біздің әзіліміз де дамиды, астарлап айтқан ойымызды көрермен түсіне алатын дәрежеге жетеді. Жасыратыны жоқ, біз Петропавлға, Қостанайға, Павлодарға гастрольмен бармайтын болдық. Бір жолы барғанымызда қазақ тілінде бір ауыз сөз білмейтін мәңгүрттерге қор болғанбыз. Өйткені, ол жердің қазағына «сен қазақсың» деп айтып дәлелдей алмайсыз. Қостанай мен Павлодарда сахнада тұрғанымда осы әңгімені айтып едім, жергілікті қаламгерлері қапа болды. Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров шыққан өлкенің қауымы ана тілін білмейді, қазақша әзілдесең түсінбейді.

Қостанайда пәтер жалдап тұрғанымда түнде жарық өшіп қалып, теледидардан футбол матчын көре алмай жүйкем жұқарды. Таңертең пәтершінің қызы мен баласы келіп еді, соларға жарықтың өшкенін қазақша түсіндіре алмадым. Онысымен тұрмай бетіме қарап «вот, казахи!» дейді кемсітіп. «Әй, сен сонда қазақ емессің бе?!» деп одан сайын намысым қозды. Анау-мынауға көтеріле қоймайтын Жүсіптің өзі қалшылдап кетті. Содан анасын шақырттық. Сөйтсек, ол да шала қазақ біреу екен. Одан сайын жүйкеміз жұқарып «сіздің анаңыз бар ма?» деуге мәжбүр болдық. Бірінен бірі өткен мәңгүрттер қазақша бір ауыз сөз білмейді. Ана тілін білмегеніне намысы қозып отырған ешкім жоқ, тек ақшаңды алып кетсе болды. Сондықтан Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Талдықорған жаққа апталап, айлап гастрольге шығамыз. Ол жақтың қазақтары бізді төбесіне көтеріп, құрметтейді.

Уәлибек Әбдіраимов,


«Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры


Дереккөз: baq.kz


Рекомендовать
Последние новости