Въетнамдағы тұңғыш миллиардер әйел және Қазақстан

Кәмшат Тілеухан 14 нояб. 2024 11:03 5675

Qazaq Air сатылады дегелі бір жылдың жүзі болды. Бірақ бұл ретте, кері шегіну болмаса, (болады деген келісім екі рет болмай қалды) алға жылжу жоқ. Күні кеше Qazaq Air-дың вьетнамдық SOVICO Group-ке сату процесі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты кешеуілдеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл - ресми мәлімет. Ал бейресми хабарларда не айтылып жатыр? Осы негізде қор нарығының маманы Данияр Темірбаевтың желіде жарияланған мына бір жазбасын Dalanews.kz аударып, өздеріңізге сол күйінде ұсынуды жөн көріп отыр.

"Нгуен Тхи Фыонг Тхао (Nguyen Thi Phuong Thao) - Вьетнамдағы алғашқы миллиардер әйел. Осы есімді есте дұрыстап сақтап алыңыздар. Ол алғашқы миллионын ($) Ресейде студент болып жүргенде тапқан. Аладорба арқалап, сауда жасап дегендей. Оның Қазақстанға не қатысы бар дерсіздер?

Нгуен ханым - вьетнамдық Vietjet Air лоукостерінің негізін қалаушы. Осы Vietjet-пен байланысты құрылым (SOVICO) "Самұрық-Қазынадан" проблемалық еншілесі - QAZAQ AIR-ды сатып алмақшы. Тараптар мамыр айында келісім шарттарына қол қойып тастаған. Бірақ осы уақытқа дейін мәміле соңына дейін жеткізілген жоқ.

Самұрық-Қазынадағы QAMS QazTrading Telegram арнасының мәліметінше, "QAZAQ AIR және транзакциялық құжаттама жобаларын іске асыру шарттары бойынша" соңғы келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Жалпы, жоспар бойынша жыл соңына дейін бұл мәмілені аяқтау керек делінеді. Бірақ қай жылдың соңында екені деңіз, ол жағы әлі белгісіз).

Бұған дейін Vietjet-тің Қазақстанда 50-ге жуық Boeing/Airbus бортын қатарға қосу туралы амбициялық мақсаты бар екені айтылған. Егер, шынымен де солай болса (бұған сене алар емеспін), VietJet Air Astana-ның нарықтағы мықты бәсекелесі болып шыға келмек. VietJet - жаңа авиакомпания, Air Astana-дан да жас,  2011 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда ол 100 миллион халқы бар Вьетнамның әуе тасымалы нарығының 40%-ын қамтиды.

VietJet маркетингі де ерекше, жарнамаларында эротика элементтерін жиі қолданады...", делінген жазбада.

Айта кетсек, 100"Самұрық-Қазына"мемлекеттік қорына тиесілі Qazaq Air 2015 жылы құрылған, Қазақстанның әуе нарығының шамамен 7% -ын қамтиды. Әуе флоты Bombardier dhc-8-Q400NG маркалы бес ұшақтан тұрады.

Sovico Group - энергетика, құрылыс, банк, қаржы, сондай-ақ авиация саласын да қамтып жатқан Вьетнамдағы әртараптандырылған ең ірі конгломераттардың бірі. Ал Нгуен Тхи Фыонг Тхаоның өзіне келсек, ол Азия, Батыс және Солтүстік Америкадағы ел экономикасын түбегейлі өзгерткен 300 адам тізіміне енетін өте ықпалды бизнесмен әйел.


Рекомендовать
Последние новости