Қайтарылған активтерді басқару компаниясы байлардан тәркіленген 61 бұйым қайтадан сатылымға қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС қайтарылған зергерлік бұйымдарды сату мақсатында бағаны көтеру бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық өткізетінін хабарлады. Сауда-саттық веб-платформасында өтеді.
Бұл шараның мақсаты – қайтарылған активтерді тиімді түрде сату және эксклюзивті зергерлік бұйымдарға мүдделі қатысушыларға сатып алу мүмкіндігін ұсыну.
Күні мен уақыты:
– 2025 жылдың 23 сәуірі, сағат 10:00
– 2025 жылдың 25 сәуірі, сағат 10:00
Қатысу шарттары:
Платформаға тіркелген барлық пайдаланушылар аукционға қатыса алады.
Cartier Love білезігі мен жүзігінің бастапқы бағасы 3 млн теңгеден 2,6 млн теңгеге дейін төмендеді.
Chopard алқасы – 2,7 млн теңгеден 2,3 млн теңгеге дейін арзандады.
Versace білезігінің көшірмесі 640 мыңнан 544 мың теңгеге дейін түсті.