«Вагнер» сапына қосылдым». Қазақстандық студент Украинаға соғысқа аттанды

Dalanews 21 апр. 2023 05:47 765

Ресейдің Томск мемлекеттік университетінде білім алып жүрген Марғұлан Бекенов есімді бозбала «Вагнер» жеке әскери компаниясының сапында Путиннің «арнайы операциясына» үлес қосуды жөн деп тапқанын айтып, видео үндеу жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Марғұлан Бекеновтың туыстары оның ұрланғаны жайында хабар тартып, мазасызданған еді. Осыдан кейін жас жігіттің соғысқа өз еркімен аттанып бара жатқаны жайындағы хабар тарады.

– Бұқаралық ақпарат құралдарында мені, Томск мемлекеттік университетінің студентін ұрлап әкетті деген әңгіме шықты. Сірә, анамның қобалжып, мені бұл жерден қалай болса да алып кеткісі келген соң, солай айтқан болуы керек.


Мен өз еркіммен «Вагнер» сапына қосылып, арнайы әскери операцияға үлес қосуды жөн деп таптым. Мен өзімді тамаша сезінемін, команда керемет, мен өзімді таптым. Маған бұл жер ұнайды. Психикалық және эмоционалды түрде мен жақсымын. Тағы да қайталаймын, мені ешкім ұрлаған жоқ, – деді Бекенов.

Сірә, Бекенов Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Рекомендовать
Последние новости