"Үйді аударып жіберген". Алматыда лай көшкіні жүрген аумақта не болған?

Сағыныш Сардарова 08 февр. 2024 12:24 1990

Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті өкілі лай көшкіні жүрген аумақта құтқару жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын, өйткені іздеуге кедергі келтірген жайттар бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төтенше жағдай болған жерден әзірге бір адамның денесі табылды.

"Неге түнгі 2.20-дан бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр? Оқиға орнының тарлығы, тау баурайындағы күрделі рельеф құтқарушыларға кедергі келтіріп жатыр. Өйткені түскен саз балшық массасының көлемі 3500 текше метр болғандықтан, үйдің барлығын аударып жіберген. Шыны, арматура, құтқарушыларды зақымдайтын заттар көп. Құлаған құрылымдардан жұмыстар күрделеніп жатыр. Жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр. Таңғы 10.00-де жасөспірімнің денесі табылды. Қалған 3 адамның мәйіті әлі табылған жоқ. Бір отбасы", - деді қалалық ТЖД өкілі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 8 ақпанда сағат 02-20-да "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген.

Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости