Үйден шықпай декларация толтырасыз

Dalanews 11 февр. 2021 07:15 1001

E-Salyk Azamat мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (есептілік нысаны 250.00) ұсыну бойынша сервисі іске асырылды.

МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, бұл сервис жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенге дейін барлық қажетті тестілік жұмыстардан өткен, сол арқылы бүгінгі күні сервиске оңай қолжетімді.

«Жыл басынан бері барлығы 153 497 декларация (СЕН 250.00) - оның ішінде e-Salyk Azamat арқылы – 115 мың декларация ұсынылды. Бұл ретте e-Salyk Azamat-та декларацияны толтыру азаматтар үшін қиындық туғызбайтынын атап өту қажет, біріншіден, бұл мобильді қосымшаның интерфейсіне қатысты және «Сұрақ-жауап» түріндегі жеңілдетілген форматтың арқасында», - деп бөлісті Ж. Іңкәрбаев.

Мемлекеттік кірістер Комитетінде ҚР ҚМ МКК деректер базасының басқа мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграциялануына байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, сондай-ақ шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша көрсетілмейді.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Рекомендовать
Последние новости