Үш мектепке қазақ зиялыларының аты берілді

Dalanews 13 июн. 2019 02:42 1007

Алматы облысы, Панфилов ауданында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясына даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілсе, "Көктал орта мектебі" мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. Қазіргі уақытта үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды жасалынатын болады.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости