Үш баласын өз қолымен өлтірген қатігез әкеге қатысты сот үкімі шықты

Dalanews 28 июн. 2023 04:27 591

Биыл науырыз айында 36 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны шиттей үш баласын өз қолымен өлтіріп, асқан қатігездікке барған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен дүрлігістуғызғаны есімізде. Күні кеше ғана 36 жастағы ер адамға қарасы сот үкімі шығып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сот орындары қанды оқиғаға не себеп болғаны айтпады. Сол күні 12, 9 және 7 жастағы балалар әкесінің үйінде болғаны белгілі. Ер адам оларды бұрынғы әйелінен демалысқа сұрап алып кеткен.

«Сот үкімімен Е есімді азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, қыдмыскерге кәмелетке толмаған балалармен қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.


Қайғылы оқиға Ақтаудағы 27 ықшам аудандағы №46 үйде наурыз айында болған.

Рекомендовать
Последние новости