Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

Сағыныш Сардарова 20 мая 2025 12:03

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Нұрлан Ұранхаев өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді.

Нұрлан Ұранхаев Қазақ политехникалық институтында (инженер-механик) білім алған. Сондай-ақ, Қазақ қаржы-экономикалық институтын (экономист-менеджер) және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (инженер-құрылысшы) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы "Казпромтехмонтаж" тресінде слесарь болып бастаған. 1990 жылы "Зергер" өнеркәсіптік-қаржылық корпорациясын басқарған, кейін "Аққұс" АҚ-ның басшысы, "Сары-Арқа" АҚ-ның сенімді басқарушысы, "Сұңқар" ЖШС президенті болған.

2003 жылы ШҚО-ның энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының басшысы болып тағайындалған. Кейін құрылыс басқармасын басқарған. 2006–2007 жылдары ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2010–2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, кейін ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2015 жылы "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-ны басқарған. 2017 жылы Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, 2019 жылы Астанада да осы қызметке келген.

2022 жылғы 11 маусымда Абай облысының әкімі болып тағайындалды. 2025 жылғы 14 ақпанда бұл қызметтен босатылды. Оның орнына Президенттің бұрынғы кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли облыс әкімі болып тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости