ҰҚК растады: алматылық судья екі бап бойынша күдікке ілінді

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2024 16:12 2287

Алматыда әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бұған дейін желіде 22 қазанда Алматыда әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті судья пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 ("Пара алу") және 190 ("Алаяқтық") баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жауап берді ҰҚК.


Рекомендовать
Последние новости