Унитаз, еден, енді кірпіш: Бишімбаевтың адвокаттары сотта жаңалық ашты

Көркем Алдабергенова 10 апр. 2024 12:56 4563

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенова BAU мейрамханасында соққыға жығылған видеоны көрсетті.

Бишімбаевтың адвокаты Бишімбаев Салтанатты ұрып жібергеннен кейін Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылғанын айтады.   

Экс-министрдің қорғаушылары басқа медициналық сарапшылардан жауап алу туралы өтініш береді.

Судья Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады. 

Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Сот отырыстарында оқиға болған кездің, дәлірек, Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген сұмдық кадрлар көрсетілді.


Рекомендовать
Последние новости