Бишімбаев ісі бойынша күтпеген куәгер бар. Ол - көрікпел

Сағыныш Сардарова 10 апр. 2024 10:23 11738

Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырыстары барысында бірнеше рет көрікпел тақырыбы көтерілді. Енді сол көрікпел куәгер ретінде сот отырыстарына қатысуы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соталды тергеу барысында оқиға болған күні Қуандық Бишімбаев хабарласқан көрікпел анықталған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова мәлімдеді.

"Тергеу органдары көріпкелді анықтап, жауап алды. Ол тізімде (куәгерлер - еск.) бар", - деді жәбірленушілердің адвокаты Жанна Оразбахова AIRAN-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың сотында бірнеше рет экстрасенстер тақырыбы көтерілді. Алғашында жәбірленуші тарап өкілі Бишімбаев Нүкенованы экстрасенстерге мәжбүрлі түрде апарғанын мәлімдеді.

"Менің білуімше, Қуандық үнемі балгерлерге, экстрасентерге барып жүрген. Салтанатпен кездескенге дейін де қандай да бір сұрақтармен жүгініп отырған. Балгер "иә, сендерде бәрі жақсы болады, ол сені жақсы көріп қалады" деген. Маған айтқан күні Салтанатты ала барған... Салтанат та Бишімбаев әртүрлі сұрақпен балгерлерге жиі жүгінгенін айтты", - деді Айтбек Амангелді.

Кейін Бишімбаевтың өзі де Салтанат қиналып жатқанда жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқанын айтты.

"Ұйықтап қалдық, сағат 13:30-да оны оята бастадым. Ол оянған жоқ. Сол жақ бетінде көгерген үлкен із бары және мұрны ісігені байқалды. Мен қатты уайымдап кеттім. Таныс балгерге қоңырау шалдым. Оған оянғанбағанын, көгерген жерін айттым. Ол 10 минуттан кейін қайта қоңырау шалуымды өтінді. Мен қайта қоңырау шалдым, ол "жай ғана шаршаған" деді. Менің жүрегім орнына түсті", - деді айыпталушы.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев Қуандық Бишімбаевтың сотта экстрасенстер туралы айтқаны қазақстандық шенеуніктердің қандай екенін көрсетіп бергенін мәлімдеді.

Саясаттанушы Сәтбаев Бишімбаевтың экстрасенстер туралы әңгімесі Оңтүстік Кореяның үшінші президенті Пак Кын Хе түрмеде болған кездегі оқиғаны еске түсіретінін жеткізді.

"Ол сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталды. Сонымен қатар, кейін сыртқы және ішкі саясат туралы ақымақ шешімдерін көбіне көріпкелдермен, бақсылармен және балгерлермен кеңесіп қабылдағаны белгілі болды. Солардың бірі оның ең жақын досы да болған", - деп жазды Сәтбаев.

"Бірақ Бишімбаев сияқты адамдар да сол секілді елді басқаруға тырысты. Тұңғыш президенттің тұсында сол сияқтылар елдің кадрлық резервін жаңа саяси "элита" ретінде белсенді түрде пиар жасады.

Бюджет есебінен шетелде оқытты. Біреуіне лауазым берді, біреуіне медаль тақты. Ал олар кабинеттерінде өздерін Құдай санап отырды", - деді саясаттанушы.

Сонымен қатар, Сәтбаев мұндай типтегі адамдар біреулерге қажет болғанын, өйткені олар ар-ұятсыз, намыссыз екенін жеткізді. Яғни бір жағынан қарасаң, білімі бар секілді, бірақ адами құндылықтары жоқ.

"Шамасы, құралдары жақсы болды. Дуа жасады. Қара магиямен айналысты. Көріпкелдердің тізімін жасады. Тағы қанша адам дипломдарымен, жалған интеллектуалды тұлғаларымен осылай шенеунік кабинеттерінің тасасында қалып қойды? Бірақ олардың жүректері таза емес. ...Кейбіреулері әлеуметтік жағынан төмен кез келген адамды қорлауға, балағаттауға дайын", - деп жазды ол.


Рекомендовать
Последние новости