Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысында полиция бөлімшелерінің басшыларына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы Полиция департаментінің ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастықтарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз", - деп жазылған Антикор хабарламасында.
Қандай бап бойынша тергеу жүргізілетіні нақты айтылмады.