Бишімбаевтың соты туралы видео жариялаған блогер жазаланды

Сағыныш Сардарова 08 апр. 2024 14:52 19992

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот туралы туралы жазбасы үшін блогер жазаланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде Ислам Угушев есімді қолданушының үндеуі пайда болды. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың соты туралы жазбасынан кейін құқық қорғау органдары соңына түсіп, айыппұл салған. Ол желідегі жазбасында Бишімбаев сотта телефон қолданып отыруы мүмкін деген болжам жасаған.

@singer_lanamuzik @С.О.Б. #поискпропавших #судбишимбаева #пареньизалматы #салтанатнукенова #суд #полицияказахстана #давлениенаблогеровказахстана #исламугушев ♬ оригинальный звук - lanakz_almati

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі әлеуметтік желідегі парақшаның авторы анықталғанын, ол сот процесі барысында сотталушы Бишімбаев ұялы телефон пайдаланғанын айтқанын мәлімдеді.

"Ол жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапқа тартылды", - деді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қатысушылардың бірі сотталушының телефонынан дауыс шыққанын айтты. Судья қатысушыға Бишімбаевқа жақындап, телефон бар-жоғын тексеруді ұсынды, алайда ер адам жауап қатпады.

Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Сот отырыстарында оқиға болған кездің, дәлірек, Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген сұмдық кадрлар көрсетілді.


Рекомендовать
Последние новости