Ұлттық кітапхана директоры Тұңғышбай Жаманқұловты "асу керек" деп есептейді

Dalanews 03 нояб. 2016 06:48 857



Күні кеше Қазақстан Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың "Феникс" фильміне бөлінген ауқымды қаражатты жеп қойды деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі. Көпшілік мұны Мәдениет министрінің "тапсырысы" десе де, Жаманқұловтың айыбы дәлелденбей жатып, оны "жазалап" тастағандар да аз болған жоқ.





Бұл туралы korrespondent.kz жазады. 

Солардың бірі жай қатардағы адам емес, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева апайымыз. "Тұңғышбай қамалды" деген ақпарат шыққан уақыттан бастап ол әлеуметтік желіде белсенділік танытып, біреудің қайғысына қуанғандай сыңай танытты. Ол тіпті, Жаманқұловты "асу керек" деген де пікірін білдіріп отыр.

[caption id="attachment_21125" align="aligncenter" width="550"]Үмітхан Мұңалбаева Үмітхан Мұңалбаева[/caption]

Айта кету керек, Ү.Мұңалбаеваны Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі тағайындаған. Мәдениет министрі туралы "секс-скандал" пайда болғанда, осы академиялық кітапхана қызметкерлері оны ақтап әлек болған еді. Тіпті, ұзынқұлаққа сенсек, Мұңалбаева Астанаға келген сәтте Арыстанбектің үйінде тұрған көрінеді.





Соған қарағанда, Жаманқұловтың қамалуын "Арыстанбектің тапсырысы" дейтіндердің сөзінде жан бар секілді. Оның үстіне, осыдан біраз уақыт бұрын Т.Жаманқұлов Мәдениет министрі "откат" сұрап отыр деп, ашық мәлімдеген болатын. Кейін "секс-скандал" кезінде де Халық артисі Мұхамедиұлының нәпсіқұмар екенін жайып салды.


Рекомендовать
Последние новости