Ұлытау облысында жер байлығы заңсыз өндірілген. Мемлекетке 1 млрд теңгеден аса шығын келді

Кәмшат Тілеухан 27 сент. 2024 12:13 3291

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап,істі сотқа жіберді.Қылмыс "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-тың аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, күдікті азамат 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз Ұлытау облысындағы "Восточный карьерінен" марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан.

"Жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін тергеп-тексеру барысында карьер орналасқан жер учаскесін пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардан берілмегені, сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтың тиісті тіркеуі жоқ екені анықталды.Кейіннен күдікті жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізген", делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің 27 қыркүйекте таратқан хабарламасында.

Марганец рудалары өнеркәсіптің әртүрлі салаларында – металлургияда, химияда, керамикада, шыныда, ал оның қосылыстары – фармацевтика өнеркәсібінде қолданылады.

"Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келген. Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады.Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді",- дейді агенттік.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны нақтыланады.

 


Рекомендовать
Последние новости