Ұлытау облысында 3,7 млрд теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу шарттары жасалмақ болған

Сағыныш Сардарова 27 мая 2024 10:34 2432

Ұлытау облысы прокуратурасы сомасы 3,7 миллиард теңге болатын заңсыз мемлекеттік сатып алуларды анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлытау облысының прокуратурасы жыл басынан жалпы сомасы 3,7 млрд теңге болатын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.

Талдау нәтижелерінде жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбегені, жобалық-сметалық құжаттамалар болмағаны және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздегені анықталған.

Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған. Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).

Сонымен қатар, тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісім шарт жасасуды жоспарлаған.

Тағы бір жағдайда Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан.

Прокурорлардың наразылығымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Рекомендовать
Последние новости