Ұлан ауданында ет консервілерін өндіретін зауыт салынады

Dalanews 08 февр. 2021 07:59 1003

Ұлан ауданында ауыл шаруашылық саласының дамуына, ауданның өркендеуіне серпін беретін бірқатар жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Айыртау ауылдық округіндегі "Режебалиев" шаруа қожалығындағы сүт-тауар фермасында сауын табынын ұлғайту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Шаруашылық өнімділігі жоғары, асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ауданның өсуі мен дамуы үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Мұнда қазірдің өзінде Өскемен құс фабрикасының үш объектісі салынуда. Ет және ет өнімдерін өндіру бойынша үлкен кластер құру жоспарлануда.

Герасимовка ауыл шаруашылығы базасында 5 мың басқа арналған бордақылау алаңының, сондай-ақ ет консервілерін өндіру зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 700 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, Ресей Федерациясынан жабдықтарды жеткізушілермен шарт жасалды.

Ұлан ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында ішкі құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Жалпы, кәсіпорын күніне 25 тоннаға дейін ет, сондай-ақ 8 мың данаға дейін консерві шығаруды жоспарлап отыр. Олар өнімдерді Ресей мен Қытай елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Рекомендовать
Последние новости