Үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері білігін шыңдады

Dalanews 20 окт. 2016 10:57 798

Алматыда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жетекшілері Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші топ тренингтерінен өтті.
Әлеуметтік кәсіпкерлік (ӘК) мектебінің үшінші әрі соңғы кездесуі кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мен ұйымдардың стратегиялық жоспарларын дайындауды мақсат етеді.

13514365_927605187365795_1343644940_nАйта кетсек, қатысушылар жобаны қаржыландыру үшін ресурстарды қайдан табу керектігін, мемлекеттік тапысырыстарға дұрыс қатысу жолдарын, стратегиялық жоспарлау үрдісін егжей-тегжейлі талқылайды және маркетингтің қыр-сырын үйренеді. Оқытудың соңғы күнінде қатысушылар бұрын коммерциялық емес іспен айналысып, бүгінде табысты бизнесті жолға қойған әлеуметтік кәсіпкермен бетпе-бет сөйлесу мүмкіндігіне ие болады.

Алғаш рет 15 ҮЕҰ басшылары ALMAU жанындағы ҮЕҰ Сараптама Орталығы шеңберінде бас қосқан. Кездесу барысында олар әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымымен танысып, бизнес-идеялар мен ресурстарды іздеу әдістерін білді, Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқыту бағдарламасымен танысты, өз бизнес-жобаларын құрастыруға кірісті.

Екінші кездесу стратегиялық жоспар негізінде болашақ кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрастыруға бағытталды. Жобаға қатысушылар орыс және қазақ тілдерінде теориялық білім алып қана қойған жоқ, сонымен қатар алынған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Әрбір қатысушыға бекітілген үйлестіруші бизнес-жоспарды жазу барысында және ұйымның әлеуетін арттыру мен әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті мәселелер бойынша кеңес берді.
«Жоба тек теория тұрғысынан емес, сондай-ақ тәжірибелік дағдылар тұрғысынан да өте пайдалы. Бірте-бірте, өз үйлестірушілеріміздің көмегімен біз кәсіби жетілумен қатар кәсіпкерлік дағдыларымызды да дамытып келеміз! Біз бір командаға айналдық және болашақта табысты әлеуметтік кәсіпкерлерге айналамыз деген сенімдемін!», - Шымкент қ., «Асыл Болашақ» ҚҚ мектепке қатысушы Наталья Мурзина өз пікірін білдірді.

Үшінші кезеңге ең табанды 10 ҮЕҰ жетті, олар жобаның шарттарына асқан байсалдылықпен қарады және бизнес-жобаларын құрастырды, ал кейбірі әлеуметтік кәсіпорындарын іске қосып, алғашқы қадамдарын да жасап жатыр.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі Орталық Азияның Еуразия Қорымен Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасының аясында құрылды. Мектеп әлеуметтік кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуды және ҮЕҰ-дың әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті әлеуетін арттыруды мақсат етеді.

«Бұл жоба әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды және ҮЕҰ-ның әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті әлеуетін дамытуды мақсат етеді. Қаржылай орнықты болу үшін, өз бетінше ақша табумен қатар әлеуметтік мәселелерді шешіп үйрену қажет. Біздің жобамыз осы мәселелерді қамтиды. Жаңа алынған білімдерімен қатысушыларымыз өз ұйымдарының тұрақты дамуы үшін күтпеген жолдар мен шешімдер табады деп үміттенеміз», - дейді жобаның менеджері Алма Шолпанқұлова.

«ҮЕҰ Сараптама орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасы орталықтың қаржылай тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ оқуға қажетті әлеуеті мен талпынысы бар ҮЕҰ-лар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Қосымша ақпарат алу үшін ОАЕҚ Жоба жөніндегі ассистенті Жазира Жүнісоваға хабарласыңыз тел: (727) 250-18-10, ішкі 134 немесе 8 7012133205, zhazira@ef-ca.org.

Рекомендовать
Последние новости