Тимур Тұрлов CTOgram-ның стартегиялық акционері атанды

Кәмшат Тілеухан 03 июн. 2025 16:21

Қазақстандық CTOgram стартап жобасы капиталды әу баста құрған инвесторлардың үлесі сатып алынғанын хабарлады. Осылайша кәсіпкер Тимур Тұрлов бұл жобадағы үлесін  41%-ға дейін жеткізе отырып, стартегиялық акционер атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, өз үлестерін сата отырып, сингапурдың Quest Ventures венчурлық қоры, қазақстандық Most Ventures қоры, сондай-ақ Думан Молдаханов, Әділ Нұрғожин, Талғат Исмаил, Әнуар Сейфуллин, Олжас Жиенқұл және Руслан Ракымбай сынды кәсіпкерлер бұл жобадан толығымен шықты.

Сондай-ақ, компанияның негізін қалаушы Жандос Тұрсынбаев та өз үлесін ішінара сатты.

"Біз CTOgram -ның қалыптасуы мен өсуіне қосқан үлесі үшін ең басында капиталымызға қатысып, инвестиция жасаған инвесторларымызға ризашылығымызды білдіреміз.  Олардың 2020 жылғы қаржылай әрі сараптамалық қолдауы маңызды сәтте шешуші рөл атқарды. Стратегиялық инвестордың қолына үлесті шоғырландыру біздің алдымызда кең ауқымды жаңа көкжиектерді ашады. CTOgram Freedom Auto экожүйесін белсенді түрде дамытатын болады. Біз Тимур Тұрловқа екі жылдан бері жалғасып келе жатқан сенім мен нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз", — деді компания CEO-сы Жандос Тұрсынбаев.

Айта кетсек, 2023 жылы Тимур Тұрлов CTOgram -ға 1,5 миллион доллар инвестиция салды.

"CTOgram - бұл жай ғана технологиялық жоба емес, бұл - біздің клиенттер үшін мүмкіндігінше ыңғайлы және таза орта қалыптастыруда құрып, дамытуды жалғастырып жатқан экожүйеміздің маңызды элементі. Үлесті ұлғайту - бұл перспективалы компанияға салынған инвестиция ғана емес, сонымен қатар CTOgram -ның  Freedom SuperApp архитектурасына тереңірек кірігуге бағытталған қадамы. Қазір біздің алдымызда Freedom Auto аясында автокөлік жүргізушілері үшін диагностикадан жөндеуге, сақтандырудан бастап автокөлік бөлшектерін сатып алуға дейінгі аралықты қамтитын бір терезе қағидатындағы бірыңғай цифрлық маршрут құру міндеті тұр. CTOgram біздің барлық цифрлық платформамыздың дамуына серпін беретініне және клиенттеріміз бен серіктестерімізге қосымша құндылық беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Тимур Тұрлов.

Компания мәміле инвестордың стратегиялық сенімділігін растайтынын атап өтті және оның меншік құрылымын тұрақтандыруға ықпал етеді, бұл белсенділік компанияның қанат жаюы кезеңінде, әсіресе маңызды.  


Рекомендовать
Последние новости