Вячеслав Ким Жусан банкті сатып алуға ресми түрде рұқсат алды

Кәмшат Тілеухан 03 июн. 2025 12:12

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми түрде Вячеслав Кимге "First Heartland Jusan Bank" АҚ-тың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берді. Яғни, Ким Jusan Bank-ті сатып ала алатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Өтінішті қарау "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңның 17-1-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алуына уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімі болған кезде ғана жол беріледі", делінген ҚНРДА хабарламасында.

Айта кетсек,Вячеслав Ким 2025 жылдың ақпан айының басында Ғалымжан Есеновтан Jusan Bank акцияларының 97,5% -ын сатып алу үшін агенттікке өтінім берген болатын"Бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ", - деді сол кезде кәсіпкер. Алайда, бұл процесс ұзаққа созылды. Соңғы жарияланған мәліметтерге сәйкес, Ғалымжан Есенов (2025 жылы бизнес 560 млн байлығымен ең бай бизнесмендер рейтингінде 19-орын) тікелей Jusan Bank акцияларының 19,67%-ына және "First Heartland Securities" АҚ арқылы 78,11%-ына иелік етеді.

Бір қызығы, 28 мамырда Jusan Bank акционерінің ауысуын күтпестен өз атауларын Alatau City Bank деп өзгертетіндерін жариялады және жаңа логотипті де таныстырды. 

"Ребрендинг банктің стратегиясының, амбициясы мен қаржы институтын одан әрі дамытуға басымдық беретінінің көрінісі болып табылады", - делінген банк баспасөз қызметі хабарламасында.

Банктің жаңа атауы Алматы маңынан құрылып жатқан жаңа экономикалық аймақпен байланыстырылады. Соған қарағанда Вячеслав Ким осы бағытқа да қомақты инвестиция жұмсамақ.

"First Heartland Jusan Bank" АҚ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі ірі банктерінің қатарына кіреді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің активтері 3 195 млрд теңгені, меншікті капиталы 900 млрд теңгені құрайды. Банк капиталы мен өтімділіктің жеткіліктілігі нормативтерін қоса алғанда, белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтайды. Активтер көлемі бойынша Банк 6-шы орында, несие портфелінің мөлшері бойынша — елдің банк жүйесінде 8-ші орында.

Сонымен бірге В.К. Ким "Kaspi Bank" АҚ-тың жанама ірі қатысушысы болып табылады, аталған банк Қазақстан Республикасының банк секторында жетекші орын алады, оның ішінде активтер мен несие портфелінің мөлшері бойынша 2-ші орында.


Рекомендовать
Последние новости