Туризм? Алакөл ғана емес, тау кластеріне де көңіл бөлеміз – Баталов

Dalanews 18 февр. 2021 09:04 910

Алматы облысының Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту мен Ақши ауылында тазартқыш құрылысы бар кәріз жүйесін салу жобалары Үкімет тарапынан қолдау тапты.

Жалпы туристер легі 2025 жылға қарай 3,5 млн. адамға жетеді, бұл өз кезегінде бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға ықпал ететін болады.

Бұл жайында өңір тұрғындары алдында есеп берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, өңірде Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінген. Үшарал әуежайы салынды. Темір жол қатынасы жолға қойылып, оған арнайы вокзал салынды. Ақши ауылына дейінгі 23 шақырымдық жол қайта жаңғыртылды.

Соның арқасында Алакөлде маусым сайын демалатындар қатары 1,3 млн. адамнан асты.


Сол сияқты туризмнің тағы бір басымдық беретін бағыты – Алматы тау кластері. Соның аясында Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында заманауи тау-шаңғы курорттары салынады.

Рекомендовать
Последние новости